AA+
AA+

     Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығы аумағында жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар жүргізілді. Мемлекеттік инспекторлар тұз жалақтарын минералды тұзбен толықтырды.

    Тұз жалақтары марал, бұғы, елік сияқты тұяқты жануарлардың ағзасына қажетті минералдық заттарды толықтыруға көмектеседі. Бұл жұмыстар жануарлардың денсаулығын сақтауға, табиғи ортада тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасауға және олардың санын тұрақты деңгейде ұстауға бағытталған.

     Катонқарағай ұлттық паркінде жануарлар дүниесін қорғау мен сақтау мақсатындағы биотехникалық іс-шаралар жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.