AA+
AA+

     Алтай орманшылығының инспекторлары Кіші Аша мен Айыртас жайлауларына рейд жүргізіп, жайлауда отырған малшыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, арнайы парақшалар таратты. Алтай тауларының етегінде, биік шыңдар мен сылдыраған сарқырамалардың арасында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Табиғаттың осы бір тұмса, көркем келбетін көздің қарашығындай сақтау үшін инспекторлар күн сайын тынымсыз еңбек етуде.

     Рейд барысында түсірілген көздің жауын алатын гүлдер, мөлдір бұлақ, асқақ шың – бәрі де ерекше қамқорлық пен сақтықты қажет етеді.