Парктер шеруі 2026 халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Қалиқан Ысқақ атындағы орта мектебінде «Алғашқы гүлдерді сақтайық» атты экологиялық акция өтті. Аталған шараның басты мақсаты – көктем мезгілінде алғаш болып гүлдейтін өсімдіктерді қорғау, олардың маңыздылығы туралы оқушылардың экологиялық білімін арттыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға алғашқы гүлдердің табиғаттағы орны мен олардың экожүйедегі рөлі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлып алмау және оларды сақтау қажеттілігі жөнінде ақпараттар берілді. Оқушылар түрлі тақырыптық әңгімелерге қатысып, табиғатты аялау туралы өз ойларымен бөлісті.
Акция аясында мектеп аумағында және оның маңында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алғашқы гүлдерді қорғауға бағытталған насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Табиғаттың нәзік көркі – алғашқы гүлдерді қорғау арқылы оқушылар экологиялық мәдениеттің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.



