Қалиқан Ысқақов атындағы орта мектепте табиғатты аялауға арналған ашық сабақ өтті. Алтай орманшылығының орманшысы Ерлан Түлесов пен инспекторлары оқушыларға көктемнің алғашқы гүлдерін қорғаудың маңызын түсіндіріп, табиғатқа жанашыр болуға шақырды.
Ашық сабақ барысында балалар алғашқы гүлдердің экожүйедегі рөлі жайында біліп, оларды жұлуға болмайтынын ұқты. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы табиғатты сүйетін ұрпақ қалыптасады.
Табиғатты бірге қорғайық!