AA+
AA+

 “Қонақжай отбасы” бағдарламасы аясында Ақсу ауылына 17 бала келіп, нағыз орманшылар әлеміне енді! Экскурсияны Ақсу орманшылығының инспекторлары өздері жүргізіп, балаларды бір күнге өз жұмыстарына «қонаққа» шақырды. Инспекторлар табиғатты қалай қорғайтынын, өрт кезінде қандай әрекеттер жасалатынын, күнделікті міндеттерін қызықты әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Балалар орманшылық кеңсесін аралап, арнайы техникамен, әсіресе өрт сөндіру көлігімен жақын танысты. Сондай-ақ, атпен серуендеп, орманның табиғи тынысын сезінді. Күн соңында орманшылар қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, жақсы көңіл күймен шығарып салды. Ең бастысы – балалар орман мен оны қорғаушы адамдардың қадірін түсінді.