Ұлттық парктегі аққулардың миграциясы туралы жаңа мақала! 1 қаңтарда Қазақстан және Орталық Азияның «Selevinia» зоологиялық жылнамасының жаңа нөмірі жарық көрді, оған біздің ғылыми қызметкерлеріміз Воробьев В.М. және Ескендiр Н.А. мақаласы жарияланды.
Мақалада күзгі аққулардың миграциясы жан-жақты қарастырылған:
топтар мен олардың құрамындағы құстар саны
топтардың жылдамдығы мен тәуліктік белсенділігі ұшу қарқындылығы мен ауа райы жағдайлары арасындағы байланыс
Сонымен қатар, авторлар Катонқарағай ауданында салынып жатқан жаңа әуежайдың құстар миграциясына әсері туралы қызықты болжамдар жасаған.



