AA+
AA+

    Катонқарағай ұлттық паркінде мемлекеттік инспекторлар мен шетелдік туристерге қызмет көрсететін мамандарға арналған ағылшын тілі курсы өз жалғасын табуда. Оқу процесі жоспарлы түрде өтіп жатыр, қатысушылар сабақтарға белсенді қатысып, тілдік дағдыларын жүйелі түрде жетілдіруде.

   Аталған курс Катонқарағай ауданын тұрақты дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық парк аумағына келетін шетелдік туристерге сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін күшейту және халықаралық стандарттарға сай коммуникация орнату.

   Сабақ барысында қатысушылар ағылшын тілінде күнделікті қарым-қатынас, туристерді қарсы алу, маршруттарды таныстыру, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және табиғи нысандар туралы ақпарат беру сияқты практикалық тақырыптарды меңгеруде. Бұл – болашақта экскурсиялық және жолсеріктік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Ағылшын тілі курсы 2025 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жоба Катонқарағай өңірінің туристік әлеуетін дамытуға және ұлттық парктің халықаралық деңгейде танылуына оң ықпал етеді.