AA+
AA+

       Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылымдық бөлімшелері мен жергілікті мекемелердің қатысуымен ағаш отырғызу күні өтті. Бұл игі іс-шара “TazaLike”, “Taza Kazakhstan” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Бас директор Ж.Б. Тыныбековтың 24.04.2025 жылғы №02-03/69Ө бұйрығына сәйкес, Ш.Оразаев атындағы Медведка орман тұқым бағынан сібір шыршасының көшеттері мемлекеттік мекемелердің сұранысы бойынша тегін таратылды. Экологиялық бастамаға 445 адам атсалысып, барлығы 1495 түп ағаш отырғызылды! Бұл – табиғатты қорғауға қосқан зор үлес.

       Ағаш отырғызу жұмыстары алдағы сенбілік күні де жалғасын табады. Бірге болайық, жанашыр болайық!