AA+
AA+

     Осы мерекеге орай Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде «TourEast Kazakhstan» фестивалі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өңіріміздің туристік әлеуетін таныстырып, қонақтар мен қала тұрғындарын табиғаттың әсемдігімен және жаңа бағыттармен таныстыру болды. Фестиваль аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Бізбен саяхатта» атты көрмеге қатысып, өздерінің туристік бағыттарын ұсынды.

    Келушілерге экотуризмді дамытуға бағытталған саяхаттар, жаяу жүру және атпен серуендеу жолдары, сондай-ақ ерекше табиғи орындарға апаратын маршруттар жөнінде ақпарат берілді. Көрме барысында қонақтар ұлттық парктің бай биоалуантүрлілігімен, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерімен, сондай-ақ мәдени-тарихи ескерткіштерімен танысты.

      Катонқарағайдың Алтайдың інжу-маржаны, көрікті жерлері ерекше қызығушылық тудырды. Катонқарағай – табиғатпен үндесіп, жаңа әсер мен шабыт сыйлайтын ерекше мекен.