AA+
AA+

Аршаты орманшылығында 2024 жылы көктемде ауданы 5,8 га жерге отырғызылған

23 200 сібір көшеттеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді, көшеттердің жерсініп өсуі 70% құрады.

Сібір шыршасы – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Дүние жүзінде 45 түрі бар. Сібір шыршасы – қос үйлі ағаш, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, биіктігі 60-90 м, диаметрі 1,5-2 м дейін, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5-7 кейде 9-12 жыл бойы сақталады. Тұқымнан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300-500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8-15 % илік заттар, қылқанның құрамында С дәрумені, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25-29 %-дай сұйық май болады.

Сібір шыршасының тамыры жер бетіне жақын. Сібір шыршасы көлеңкеге шыдамды, қақаған қыста да қасқайып тұра алады.