22.01.2023 жылы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің қызметкерлері және аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторымен бірігіп, экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алу , жолын кесу бағытында Ақсу ауылдық округіне қарасты әкімшілік жерлер және Катонқарағай МҰТП- нің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында рейдтік іс- шаралар өткізілді.Ауыл тұрғындарымен экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алу оның ішінде заңсыз аң аулау, заңсыз ағаш кесу тақырыбында профилактикалық алдын алу әңгімелері жүргізілді. Заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Саяткер-биолог
Амир Базилов