Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің кеңсесінде құрылымдық бөлімше басшылары, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық төтенше жағдай бөлімі және әуеден орман қорғау бөлімшесі мамандарының қатысуымен 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінің қортындылары бойынша бас директор Ж.Б.Тыныбековтың төрағалығымен жиналыс өткізілді. Бас директордың орынбасары А.Аугонбаев қатысушыларға 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінің қортындылары туралы баяндама жасады. Баяндамада өрттер туралы, аумағы, шығу себебі, сонымен қатар жұмылдырылған техникалар мен құралдарға тоқталды. Өртке қарсы қызметтің жоғары деңгейде жұмыс атқарғанын атап өтті. Жиналыс барысында ауылдық әкімшілік өкілдері, ТЖБ мамандары өз ойларын ортаға салды. Келесі жылдың өрт қауіпті кезеңінде атқару керек қажет шаралар айқындалды.