2022 жылдың 09 Желтоқсанында Горно-Алтай мемлекеттік университетінің базасында (Алтай Республикасы) өткен Халықаралық таулар күніне арналған "Үлкен Алтай. Таулар мен адамдар" атты ғылыми-практикалық конференциясына Катонқарағай МҰТП ҒЭМжА бөлімінің бастығы Габдуллина Алия Уланбековна және кіші ғылыми қызметкер Челышева Рената Андреевна қатысты. Сондай-ақ, конференцияға "Орыс Географиялық Қоғамы" Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Алтай республикалық филиалының; Горно-Алтай мемлекеттік университетінің; "Катун" мемлекеттік табиғи биосфералық қорығының; Алтай Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің; Горно-Алтай мемлекеттік университетінің ЮНЕСКО кафедрасының өкілдері қатысты. Іс – шара "Алтай – Тянь-Шань. Адамдар мен таулар"" фотокөрмесінің ашылуымен басталды. Отырыста Алия Уланбековна мен Рената Андреевна далалық зерттеулер нәтижесінде Gbif-тегі Катонқарағай ұлттық паркінің деректер жиынтығы туралы айтып берді