AA+
AA+

Язевое сарқырамасы - Язевое өзеніндегі кішігірім тізбекті сарқырама.

Оны Ақ Берел өзенінің оң саласы Язевое өзені түзеді. Язевое көлінен 2 километр жердегі өзен, су ағынының көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде тілімденген граниттердің жартасты массивтерімен ағады. Өзен арнасының кескіні әлі де өңделмеген. Ондағы сарқырамалар, баспалдақтар және сарқырамалық құйылымдар түзетін кішігірім кертпештер бірінен соң бірі кезектесе орналасқан. Жалпы алғанда, бұл арада шамамен 200 м қашықтық сайын бірін-бірі алмастыра кездесетін он шақты тізбек бар. Сарқырама өзі аттас көлден ағып шығатын Язевое өзенінен төмен қарай 2 км, Қараайрық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.

Водопад Язевый Қаракөл  сарқырамасы