Рахман сарқырамасы - Табиғи–қорықтық қордың гидрогеологиялық нысаны. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылы, Арасан өзені аңғарының оң өңірі, Листвяга ауданы, III өңір, Алтай провинциясының оңтүстік батысында орналасқан.
Сарқыраманы Рахман көлі қазаншұңқырының оң өңірі беткейінде орналасқан атауы жоқ өзен түзеді.
Бұл бұлақ биік таулы мареналық көлден (теңіз деңгейінен 2265 м ) бастау алып, Рахман көліне құяды. Ол абсолютті биіктігі 2400 және 2280 метрге сәйкес атауы жоқ екі тауды бөліп жатқан терең тілімденген жырамен ағады.Бұлақ аңғары флювиогляциальді шөгінділерден тұрады.
Водопад Рамхановский - Рахман сарқырамасы