AA+
AA+

Рахман көздері - Минералды су көздері әсемдігі жөнінен қайталанбас, ғажайып Рахман көлі қазаншұңқырының солтүстік-шығыс жағалауында, Арасан өзені аңғарының оң жақ ернеуінде орналасқан. Рахман көздерінің суы түссіз, мөлдір, құрамында жүзінділері, бөтен дәмі жоқ, ішуге жағымды. Құрамында радоны бар сілтілі жер асты азотты- кремнийлі су көздері кремнийлі термальді, гидро-карбонатты-натрийлі түрге жатады. Әрбір бұлақтың температурасы 390 -тан 420 С дейін ауытқиды. Радонның түзілуін граниттің өте сирек минералдарында кездесетін радиоактивті элементтерінің ыдырауымен байланыстырады. Термальді суларды қозғалу мүшелерін, омыртқа, жүйке жүйесі және тері ауруларын емдеу үшін пайдаланады.