AA+
AA+

Берел қорымы – әр түрлі өлшемдегі тас үйінділерінен түзілген жетпіске жуық қорғандардан тұрады. Олардан скифтік-сақтық дәуірдің (б.э.д. IV ғасыр) көшпелілер элитасының теңдесі жоқ олжалары табылды. Мәңгі тоңның арқасында бұзылмай сақталған мумияланған адам мен жылқылардың қалдықтары, аң стилінің жоғарғы дәстүрінде көркемделген жасау-жабдықтар ежелгі өркениеттің қаталанбас үлгілері болып табылады. Бұл қорғандардан көптеген заттар мен әшекейлер, ағашқа ойылып салынған суретті тақтайшалар, теріден жасалған маталар, өңделген жүн-жұрқа, қамыт-сайманды ат қалдықтары, түрлі заттары көп жерлеу бөлмесі табылған. Табылған заттардың басымы алтынмен апталған. Аттардан алтынмен көмкерілген ұзын мүйіз тәрізді әшекейлер табылды. Олжалар, соның ішінде органикалық материалдар өте жақсы сақталған. Ғалымдардың қолына көшпенділердің мәдениетін, қолөнерін және тарихын жақсы тануға мүмкіндік беретін баға жетпес ақпарат түсті. Сондай-ақ, ұлпаларды генетикалық талдаудан өткізу ерте кезеңдегі аңдар мен адамдардың бейнесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қорғандарды ашу кезінде табылған олжалар әлемдік маңызға ие.

Орналасқан орны: Берел ауылы маңындағы Сахатушка өзенінің Бұқтырма өзеніне құяр жеріндегі Бұқтырма өзенінің аңғары.

Могильник Берель - Берел  қорымы