AA+
AA+

Австриялық жол – Теректі ауылы мен (бұрынғы Алексеевка ауылы), Ұранқай ауылын (Марқакөл көлі), Бұрқат асуын, Бұқтырма өзенінің аңғарын байланыстырады. Ұзақтығы 50 шақырымға жуық Австриялық жол өзінің әсемдігімен әйгілі. Аймақтың дала (шөлді-дала) зонасындағы Теректі ауылынан басталған жол солтүстікке қарай ақ және сұр мәрмәрлі әк тастармен қатпарланған, Мәрмәр асуы арқылы өтеді. Бұл арадан Қытай Халық Республикасы жағында орналасқан Аққұм құмдарының ғажайып шағылдарының көрінісі ашылады. Бұдан әрі жол теңдесі жоқ Марқакөл көлі, Қара-Қаба тау өзенінің аңғары арқылы, Қатын жотасы мен Бұқтырма өзені аңғарының көрінісі ашылатын Бұрқат асуымен (2098 м) өтеді.

Атауы ресіми болып табылмайтын жолдың австриялық деп аталу себебі, 1914 жылдан 1916 жылдар кезеңінде Бірінші Дүниежүзілік соғыстың австриялық (чех) тұтқындарының салғандығына байланысты.

Австриялық жол өзіндік ерекшелігімен тарихи құндылыққа ие, оның құрамына алқаға кіретін тәрізді “бағалы тастар” - табиғаттың бірегей ескерткіштері Мәрмәр асуы, Марқакөл көлі, Алатай және Бұрқат асулары, Қара-Қаба және Бұқтырма өзендерінің аңғары кіреді.

Австрийская дорога - Австриялық жол