AA+
AA+

Арасан сарқырамасы – Арасан өзеніндегі алып, әрі әсем тізбекті сарқырама.

Оны Рахман көлінен ағып шығатын Арасан өзені түзеді. Ауыр су ағыны сарқырама тізбектерімен терең Берел шатқалына гүрілдей құлап, тақтатасты жартастар мен ірі қойтастардың арасынан сарқырай ағады. Тізбектің жоғарғы сатысы неғұрлым созылмалығымен, әрі биіктігімен айрықша әсерге бөлейді. Сарқыраманың бұл бөлігіндегі қатты су ағыны қия жартастан асып, төмен қарай атқылай, құлақ тұндырарлық дауыспен өкіре жартастарға соғылып, ақ көпіршіктер мен ұсақ тамшыларға айналады. Төменде, ең баурайында екі жағынан да тіктеме гранитті қабырғалармен қоршалған кең ауқымды тас алабына түскен су ағыны, тынышталып үлгерместен, құлама тәріздес екінші тізбекпен төменге қойып кетеді. Сарқыраманың бұл сатысындағы ағынның құлау биіктігі мен ені 6 метрге жуық. Тізбек судың көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде түзілген терең қазаншұңқырмен аяқталады. Арасан өзенінің аңғары Рахман қайнары курорттық ауылынан 6 шақырым төменде орналасқан.

Водопад Арасан - Арасан  сарқырамасы