AA+
AA+

Соқпақтың (маршруттың) санаты:

  1. Қозғалу түрі бойынша: жаяу, атпен;
  2. Қызмет көрсету уақыты бойынша: маусымдық.
  3. Ұйымдастыру формасы: топтық.

 

Қашықтығы: 24 километра, ұзақтығы: 8сағат

 

Соқпақтың (маршруттың) қызмет  ету мерзімі: маусым-қыркүйек Топтағы адамдардың  максималды саны: топта 15 адамнан артық емес (шектеу психожайлылық шегімен және түр алаңшарларының  сыйымдылығына байланысты).

 

Негізгі географиялық мекендердің атауы: Катон-Қарағай ұлттық паркінің қонақ үйлері – Тасшоқы (Щебенюха) асуы

 

Қонақ үйлердің жанында «Ақсу» ЖШС марал шаруашылығы маральник орналасқан (тілек білдірушілер барып көре алады). Маусым айында мүйіздерді кесу және пантокрин дайындау үрдістерін көруге болады.

 

Маршрутқа шығу. Топ Тасшоқы (Щебенюха) тауына қарай қозғалады.

 

Орманды жолмен жоғары көтеріле туристер үлкен алаңқай арқылы өтеді, ары қарай балқарағай, шырша, жапырақты ағаштар өсіп кеткен аралас орман.

 

Маршрутпен жүре отыра Қызыл кітапқа енгізілген көптеген дәрілік өсімдіктерді (қызғылт семізот, марал түбірі және т.б.) кездестіруге болады.

 

Төбешіктер мен алаңқайларда қаражидек және орман жидегінен дәм татуға болады. Орманда таңқурай, қара және қызыл қарақат пісіп келеді.

 

Орманда тиін, борша тышқан, бұлғын сияқты ұсақ жануарлармен қатар аю, марал, қабан, сілеусін және елік сияқты ірі жануарлар, әр түрлі кеміргіштер мекендейді. Меңіреу құр, сұр құр, шіл сияқты құстарды да кездестіруге болады.

Маршрут бойымен қозғала отырып, Шашты асуының созылмалы серпантинімен көтеріле отыра туристер арнайы орналастырылған демалыс орындарында демала алады. Кішкене демалыстан кейін топ Тасшоқы (Щебенюха) тауының етегіне қарай таулы асуға көтерілуді жалғастырады.

Табиғи көру алаңы болып табылатын асуға (теңіз деңгейінен 2392 м. биіктікте)көтерілгеннен кейін , ауа райы айық күні келушілер Мұзтаудың шыңдарын кқре алады. Бұл жерден Оңтүстік Алтай жотасына, «Ақсу» ЖШС маральнигімен Кондрашка шатқалына, «Ақтомар» маральнигіне әсем көрініс ашылады. Алыстан Катонқарағай, Топқайың, Аққайнар ауылдары көрінеді.

Таудың етегінен кішкене тау бұлағы ағып жатыр, бұл жерге ұлттық парк инспекторлары демалу орнын орналастырған.