AA+
AA+

Маршруттың  бөлінуі:

мақсаты бойынша: экскурциялық;

орын ауыстыру түрі бойынша: жаяу, атты;

уақыты: маусымдық;

ұйымдастыру түрі бойынша: топталған, жекеленген

 

Негізгі географиялық атаулардың түрлері: Шұбарағаш ауылындағы Татаевтың орман жазғы үйінен басталады – Ақтайлақ  өткелі – Жайсаңбай  жәйляуі  – Қаракөл көлі – Шұбарағаш  ауылы

 

Қашықтығы: 24 км.

Ұзақтығы:  7 - 8 сағат.

Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : шілде айының  басынан  басап-қыркүйек айының  ортасына дейін

Бір топта максимальды турист саны: Жаяу туризм – 15адамнан көп емес.Атты туризм –  8 адамнан көп емес.

 

Соқпақ биік таулы Шұбарағаш ауылынан басталып, жайлаудан смаральниктің қасынан айық күндері Мұзтау жотасы көрінетін айрықтан Қаракөлге өтеді. Жолда ірі аңдарды: марал, елік, бұланды кездестіруге болады. Орманда борсық, түлкі, қоян, тиін мекен етеді. Құстардан бүркітті, қарғаны, самырсын құсты және т.б. кездестіруге болады.

 

Жайылымды жерлерде гүлді өсімдіктерге жайылған: маусым айында – шөмішгүлмен, алтай күнгелдісімен, шілде айында – бал беретін өсімдіктермен, соның ішінде басым кездесетін түрлер: марал түбірі, сансевьера. Тамыз да күреңот сияқты өсімдіктер гүлдей бастайды.