Маршруттың бөлінуі:
мақсаты бойынша:ғылыми-танымдық;
орын ауыстыру түрі бойынша: аралас (атты, автомобильді)
уақыты: маусымдық;
ұйымдастыру түрі бойынша: топтық, жекеленген
Негізгі географиялық атаулардың түрлері:
Черновадан шығып Төлебай аңғарымен Үш қарағай асуына жоғары жүреді. Тесіктас жайлауы арқылы Асанов Каким табыншының тұрағына дейін туристер жылжиды, Жакитов Қаныкеш табыншы тұрағы, Айыртас беткейімен жоғары көтеріледі, Маралды көлі, Хайрузовое көлі, Черновадағы Қайсенов лагері.
Қашықтығы: 80 км.
Ұзақтығы: 7-9 күн.
Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : шілде-тамыз айлары
Бір топта максимальды турист саны: Жаяу туризм – 10 адамнан көп емес
1 күн. Топтың Чернова ауылына келіп, қонақ үйде түнеуі.
2күн. 8-00 таңғы ас. Топ 9-00 атпен Черновадан шығып Төлебай аңғарымен Үш қарағай асуына жоғары жүреді. Осы жерден Оңтүстік Алтайдың таулы қыраттарына, Бұқтырма өзені жайылмасына тамаша панорама ашылады.Бұл жердкен алтын тамыр мен м арал тамырын көруге болады. Өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Анда- санда «марал ваннасы» деп аталатын маралдар тұяқтарымен қазып, күйлеген кезде шомылатын орындар кездесіп қалады.Тесіктас жайлауы арқылы Асанов Каким табыншының тұрағына дейін туристер жылжиды. Ауысу 10 км құрайды. Бұл жерде топ түскі асқа тоқтайды.Тұрақтың оң жағында Текше шыңы бой көтерген. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2041 м құрайды. Туристер саяхатшыларға әл беретін жаңа пісілген қымыздан, тау шөптерінен қайнатылған шайдан дәм татады. Топ 2 сағат дем алып, ары қарай Жакитов Қаныкеш табыншы тұрағына жол тартады. Мұнда топ түнеуге қалады. Қымыз ішіп, жас мал етінен жасалған тағам ұсынылады. Шатырда ұйықтайды.
3 күн. Таң ертеңгі астан кейін топ маршрут бойынша ары қарай жылжиды. Жарты сағаттан кейін Нурпейісов шопанның таңғы шайын ішеді. Қойшының тұрағынан Бүгінбай (2145 м) тау шыңы көрінеді.Сәл дем алғаннан кейін топ Айыртас беткейімен жоғары көтеріледі.Төменнен Қырымбайсаз (батпақты жер), сонымен қатар Белая өзені ағып жатқан аңғарды көруге болады. Түскі ас. Топ Көбей келген қыраты арқылы Маралды көліне бағыт алады. Маршрут барысында қыраттан төмендегі Хайрузовое көлін көруге болады. Беткейден түскен кезде топ Маралды көлін көреді. Шатырды лагерьде түнейді.
4 күн. Маралды көлінің маңайына барлауға болады. Балық аулау. Кешке балық сорпасын дайындау, шатырлы моншаға түсу. Кешкі уақытта көл жағасына бұландар мен еліктер жайылады.
5 күн. Топ атқа мініп, Жалғызтау тауындағы Мұсабай шатқалындаорналасқан Хайрузловое көліне аттанады. Балық аулау. Маңайды барлау. Бұл беткейден туристер жабайы шөптердің тамырымен қөректеніп жатқан аюды көре алады. Кешке топ Маралды көліндегі шатырлы лагерьге оралады.
6 күн. Кешке топ маршрутқа шығады. Чернова көліне дейін жол батпақты болып келеді. Балық аулау. Дем алу.
7 күн. Таулы қыраттардан Кіші және үлкен Айғай тауларына ауыса тұраққа тоқтайды. Мұнда туристарды қымызбен сыйлайды. Түнеу.
8 күн. Топтың қайтуы.