Соқпақтың (маршруттың) санаты:
1)Қозғалу түрі бойынша: жаяу, атпен, автокөлікпен;
2) Қызмет көрсету уақыты бойынша: маусымдық.
3) Ұйымдастыру формасы: топтық.
Негізгі географиялық мекендердің атауы: Ирек (Аустриялық жол): ұлттық паркің ҚӨП - Солдатқұлаған көру алаңы- Бұрқат асуы – (Жоғарғы қыстаудағы) ұлттық парктің қонақ үйі- Шағандаба көлі-Кенсу мекені.
Қашықтығы: 70 километр, ұзақтығы: 2-3 күн.
Соқпақтың (маршруттың) қызмет ету мерзімі: маусым-қыркүйек.
Топтағы адамдардың максималды саны: топта 20 адамнан артық емес шектеу психожайлылық шегімен байланысты және түр алаңшарларының сыйымдылығы.
Маршрутты абаттандыру.
Соқпақтың барлық жолы ұлттық парк аумағымен өтеді және ақпараттық белгілермен және сілтемелермен жабдықталған. Маршрутта сонымен қатар аншлагтар мен ақпараттық қалқаншалар «Туристік маршруттарды маркерлеу» талабына сәйкес орнатылған. Палаткалық лагерлер орналастырылатын орындарда ошақтар мен демалыс орындары жабдықталған.