AA+
AA+

Қашықтығы: 40 километр .

 

Ұзақтығы: 2 күн.

 

Қозғалу түрі бойынша: жаяу, атпен.

 

Соқпақтың (маршруттың) қызмет  ету мерзімі: мамыр-қыркүйек.

 

Соқпақтың күрделігі: 1 категориялы күрделік.

 

Топтағы адамдардың  максималды саны: Жаяу туризм – 25 адамнан артық емес; Атты туризм – 7 адамнан артық емес.

 

Негізгі географиялық мекендердің атауы: Топқайың ауылы-Шыбындыбұлақ- ұлттық  парк қадағалау өткізу пункті – Майтекше телімі – Экологиялық лагерь.

 

Маршрут  туралы Топқайың ауылынан  басталады. Топ  Шыбындыбұлақ  телімімен қозғалады.  Ұлттық парктің  ҚӨП (қадағалап өткізу пункті)міндетті тіркелу. Әрі қарай туристер  Қарамай  тауының беткейімен көтеріледі, ол жерден  Топқайың ауылының  және   Катонқарағай  ауылының маңайының  тамаша  көрінісі  ашылады. Соқпақ  Майтекше телімінің бойымен созылып  жатыр.  Айнала  қылқанды-жапырақты аралас  орман және  1964  жылы  Катонқарағай  орман  шаруашылығы отырғызған  сібір  қарағайы көшеттері.

 

1970 жылдары жұмыс істеген ескі  ағаштілгіштің жанында  демалуға  тоқтауға  болады. Осы  жерде  тау бұлағынан  дәм татып, ағаштардың  көлеңкесінде демалуға  болады.

 

Топ Аралбай телімімен  жоғары қозғалуын жалғастырады.  Маршрут бойында  көптеген   емдік  киікоты, шоқсары, Алтай үшқаты, қызыл қарақат,  таңқұрай, итмұрын, аю бадан, Алтай жуасы,  қазжуа өсімдіктерін  көптеп  кездестіреміз.  Ылғалды  беткейлерде алтай тау  сарымсағы, қой сарымсағы өседі.

 

4 сағаттан кейін туристер  экологиялық  лагерь Бүркітауыл альпинистік тұрағына  жетеді.  Осы  жерде  альпинистер көктемгі  және  күзгі альпиниадалар  өткізу  кезінде  және  Бүркітауыл тауының  төбесіне  шығу кезінде  палаткалық  лагерь  құрады.

 

Топ  ұлттық  парктің 2-4 орындық  жазғы   үйлеріне түнеуге  тоқтайды.  Бұдан  басқа туристердің палатка алаңшаларына  түнеуі  қарастырылады.  Түстен кейін  тау етегіне  шығып, табиғи  бақылау  алаңшасына  көтерілуге болады, ол  жерден тау  сілемдеріне  тамаша  көрініс ашылады.