Маршруттың бөлінуі:
мақсаты бойынша: туристік-экскурциялық;
орын ауыстыру түрі бойынша: жаяу, атты;
уақыты: маусымдық;
ұйымдастыру түрі бойынша: топталған, жекеленген
Негізгі географиялық атаулардың түрлері: Шұбарағаш ауылы– «Лесная дача» - Шақбарсан асуы – Моншажұрт асуы – Луқпансай даласы–Бұландыкөл көлі,– «Қайнар» марал шаруашылығы– Шұбарағаш ауылы.
Қашықтығы: 20 км.
Ұзақтығы: 6 - 7 сағат.
Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : шілде айыны ортасынан басап-қыркүйек айының аяғына дейін
Бір топта максимальды турист саны: Жаяу туризм – 15адамнан көп емес. Атты туризм – 8 адамнан көп емес
Маршрут Шұбарағаш ауылындағы Татаевтың орман жазғы үйінен басталады. Маусым айында бұғының мүйізін қайнату орнында пантокринді дайындау тәсілімен танысқысы келгендерге экскурсия ұйымдастырылады. Моншажұрт асуынан әдемі таулар арасында орналасқан Бұландыкөл көлінің ғажайып келбеті ашылады. Табиғи құзды шолу алаңынан тамаша фото суреттер мен видеоға түсуге болады. Субальпілік шалғындарда Қызыл кітапқа енгізілген дәрілік өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін (алтын тамыр, марал тамыры және т.б.) көруге болады. Маршрутқа шыққан туристер ұлттық парк инспекторлары қыс айларына арнап жабайы маралдарға, еліктерге, бұландарға қосымша азық дайындайтын жем салғыштарын көреді. Соқпақ беткейден 1516 м биіктікте орналасқан өзеннен ары жалғасады. Оның ұзындығы 1000 м жуық, ал көлденеңі 500 м. Өзеннен жүзіп жүрген сұр үйректерді, бейнарықты және т.б. құстарды көруге болады. Өзенде балық жоқ. Орманнан шығысымен соқпақ маралдар жайылатын «Қайнар» қоршауына апарады. Маршрут Шұбарағаш ауылында аяқталады.