AA+
AA+

Туризм  түрі: рекреациялық-танымдық, ғылыми-танымдық

 

Маршруттың  бөлінуіжаяу, атты,  велосипедті,  аралас.

 

Негізгі географиялық атаулардың түрлері:  Қаракөл  сарқырамасы – Қаракөл көлі – ескі лесопилка – Қарақұс көліСәрсенбай  қыстауы – Берел көпірі – Көккөл сарқырамасы –Берел  мұздықтары, Көккөл кеніші,  Тепе-теңдік көлі

 

Қашықтығы: 50 км, радиалды бағыттар 25 км,  жалпы ұзындығы - 150 км.

 

Ұзақтығы:  4 - 10 күн (бағыттың ұсынылған бұл орташа ұзақтығы - 8 күн)

 

Бір топта максимальды турист саны: Жаяу туризм –  15  адамнан көп емес (мектеп  дейінгі  жастағы  балалар  25 адамнан көп емес)

 

Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : 20  маусымнан – 20  қыршілде-тамыз айлары

 

Соқпақтың  қысқаша  мінездемесі (сипаттау).

Фотоға түсіруге ыңғайлы 3 табиғи шолу алаңы бар соқпақ Язевое сарқырамасынан басталып, жазғы уақытта шатыр тігуге ыңғайлы Қаракөл көлін бойлай өтеді.

 

Туристер ескі ағаш тілу заводы арқылы Алтынбұлақты жағалай, Сарсембай қыстауындағы жабдықталған  түнеу орнына келеді.

 

Ақ Берел жағалауымен соқпақ ары қарай жалғасын табады. Жаздың бірінші жартысында өзен суы әктасты жыныстар арқылы өтіп, ақ түске боялады. Осыдан барып аймақ «Беловодье» деп аталады. Өзен таға тәріздес болып иілетін жері ерекше әсем. Бұл жерде суретке түсіруге қолайлы шолу алаңы бар. Ары қарай кеніш жұмысшылары оң жағалауға кенді тартқан 1937 жылы  салынған Берел көпірі орналасқан. Ары қарай соқпақ 60 метрлік сарқырама орналасқан Көккөлге көтеріледі. Бұл жерде де табиғи шолу алаңы бар.  ҰОС жылдары жұмыс істеген вольфрам- молибден кенішіндегі кіші лагерьдегі ескі үйде туристар түнеуге тоқтайды. Осы жерден Теплое көліне, Берел мұздығына, Равновесия көліне, Көккөл вольфрам-молибден кенішінің Жоғарғы лагеріне бет алуға болады. Өңірдің метоморфты жыныстарына  500 миллионнан жылдан астам уақыт болған. Молибден- вольфрам кенінің пайда болуын граниттермен байланыстырады. Ескі шаруашылық құрылыстар, кеніш жұмысшылары тұрған үйлер сақталған.

 

Маршрута экскурсовод туристерді аумақтық кешеннің негізгі компоненттері көлдер, өзендер, бұлақтар, қылқанды ормандар, альпі шалғындары, жер бедерінің әр түрлі элементтерімен, шөгінділермен, мұздықтармен, тау жыныстарының шығуымен таныстырады.

 

Абайлай жүргенде қоңыр аю, марал, бұғы, елік, түлкі, қоянды және де құстардың көптеген түрлерін  кездестіруге болады.

 

Қаракөлде жыртқыш балық язь мекендейді.

 

Өсімдік жамылғысы өте бай. Субальпілік, альпі шалғындарында емдік -дәрілік өсімдіктер өседі. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерден бұлақ жағалауларында қызғылт радиола (алтын тамыр), қыраттарда марал тамыры көп мөлшерде өседі.