AA+
AA+

«Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауы  туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Байқау атауы: «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауы.

1.2. Аумақтық қамту: Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Қатон-Қарағай аудандары және Қатон-Қарағай МҰТП

1.3. «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауы (әрі қарай - байқау), бүкіл әлемде жыл сайын 23 қазан күні аталып өтетін, қызыл кітапқа енген жануарларды сақтап қалу мен қорғауға арналған - Қар барысы халықаралық күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

 

  1. МАҚСАТЫ

2.1. Байқау мақсаты – қар барысының популяциясын сақтау маңыздығы мен қажеттілігі туралы қазақтастандықтарды ақпараттандыру.

2.2. Байқау мақсаттары:

  • Қазақстандағы қар барысын мекен орталарындасақтау бойынша әрекетке балалар мен жастарды тарту;
  • Қазақстанда жас ұрпақты сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтауға ынталандыру;
  • Көпшілік пен БАҚ-тың қар барсының популяциясын сақтау маңыздылығына назарын аудару;
  • Жас ұрпақтың шығармашылығын қолдау мен дамыту, байқауға ұсынылған жұмыстарға кәсіби баға беру мүмкіндігі.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

3.1. Байқау ұйымдастырушылары – Қазақстанда БҰҰ дамыту бағдарламасы (әрі қарай - БҰҰДБ) және «Катонқарағай МҰТП» РММ-і.

Байқаудың барлық кезеңдерін ұйымдастырудың жалпы басшылығын Ұйымдастыру комитеті атқарады, ол:

  • Байқауды жариялайды;
  • Өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдайды және тіркейді;
  • Байқауды әзірлеу және жүргізу барысында туындаған ақпараттық мәселелерді шешеді;
  • Жұмыстарды байқау талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • Қатысушыларға қажетті консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді;
  • Ең қызықты жұмыстарды байқауға қатысу мен марапаттауға ұсынады;
  • 3 адамнан тұратын қазылар алқасынтағайындайды – МҰТС өкілі, білім беру жүйесінің өкілі немесе қоғамдық белсенді, кәсіби суретші немесе арнайы білімі бар адам (байқаудың қазылар алқасы online/offline форматында қызмет атқаруы мүмкін);
  • Байқауға қатысқан суреттерге баға береді, 1,2,3 орындарды анықтайды;
  • Таңдалған қазылар алқасы мүшелерімен бірлесе жұмыстарды таңдауды ұйымдастырады, байқау финалистерін жеңіске жеткендерін уақытылы хабардар етеді;
  • Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырып, өткізеді;
  • Құжаттар мұрағатын (өтінімдер, қазылар алқасы хаттамалары, қарау бағдарламалары және т.б.), көркемдік жұмыстарды (авторлық жұмыстардың көшірмелерін және т.б.) және басқа да материалдарды сақтайды.

 

3.3. Байқау сыйлықтарының жалпы шығындарын БҰҰДБ өзі көтереді.

3.4. Аудандық БАҚ өткізілетін байқау мен оның жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді таратуға ықпалын тигізеді.

3.5. Облыстық және аудандық білім беру бөлімдері, облыстық әкімшіліктердің табиғи ресурстар басқармалары  және жақын аумақтағы Ерекше сақталатын табиғи аумақтар (әрі қарай –ЕСТА)өткізілетін байқау мен оның жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді таратуға ықпалын тигізеді.

 

  1. СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ГЕОГРАФИЯСЫ

Байқау Қазақстанның келесі өңірлерінде, қар барысының мекендеу ареалында тұрып жатқан қатысушылар үшін өткізіледі: Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Қатон-Қарағай аудандары. Байқаудың мерзімі:  2022 жылдың 03-28 қазан аралығында Астана қаласы бойынша 19 сағат 00 минутына дейін.

Ұйымдастырушы комитеті атына аталған мерзімнен кейін түскен жұмыстар, байқауға қатыстырылмайды.

 

  1. ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Байқау 5 кезеңде өтеді:

  • 1 кезең:2022 жылдың 3 қазанында – байқаудың басталуын жариялау, өтінімдер мен байқау жұмыстарын жинауды бастау. Қатысушылар толтырылған өтінімді (№ 1 Қосымшаны қара) және байқау жұмыстарын («Қар барысын бірге сақтайық!» тақырыбына көркем жұмыстар: көркем суреттер/графика) 2022 жылдың 28 қазанына дейін,«Халықаралық қар барысы күніне» арналған сурет байқауы белгісімен БҰҰДБ мекен-жайы бойынша ұсынады. Қатысушының тегін, атын, жасы мен байланыс деректерін көрсету қажет.
  • 2 кезең:2022 жылдың 1-4 қарашасы аралығы – қазылар алқасы отырысы, байқау нәтижелерін шығару.
  • 3 кезең:2022 жылдың7-11 қарашасы аралығы–байқау нәтижелерін жариялау.
  • 4кезең:БҰҰДБ-да сурет көрмесін ұйымдастыру.

 

  1. ҚАТЫСУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ

6.1. Байқауға қатысуға келесі байқау тақырыбына сәйкес келетін жұмыстар қабылданады:

  • «Қар барысын бірге сақтайық!» тақырыбына көркем жұмыс.

Қар барысы немесе экожүйедегі қар барысы салынған суреттер қабылданады (көркем сурет, графика).

6.2. Байқауға  9-15 жас аралығындағы балалар қатысады.

6.3. Байқау қатысушылары арасында жеке авторлар болуы мүмкін, яғни байқауға қатысу – жеке – әр жұмыстың авторы тек бір қатысушы болуы мүмкін;

6.4. Әр номинацияда автор 1 ғана сурет ұсыныуы мүмкін;

6.5. Байқау қатысушысы Ұйымдастыру комитетіне қатысуға формаға сәйкес өтінім ұсынады (№ 1 Қосымша) және оған байқау материалдарын тіркейді (қатысушы барлық жұмыстарын Ұйымдастыру комитетіне өз есебінен жолдайды);

6.6. Автор өзі ұсынған әр жұмысына авторлық құқық иесі болу қажет;

6.7. Жұмыс авторларыбайқаудың Ұйымдастыру комитетіне, материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануды білдіретін  эксклюзивтік авторлық құқытарын емес, жеке өзінің авторлық құқықтарын ұсынады(фестиваль шеңберінде көрсету). Байқауға ұсынылған жұмыстарды көпшілікке көрсету, автордың аты-жөні міндетті түрде көрсетілуімен іске асырылады;

6.8. Қатысушыларға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды;

6.9. Байқауға ұсынылған жұмыстар редакцияланбайды;

6.10. Бұрын басқа байқауларға қатысқан жұмыстарға жол берілмейдіжәне олар, авторлық немесе басқа құқықтар бұзылмау мақсатында, қарастырылмайды. Аталған шарт сақталмаған жағдайда, жауапкершілікті байқау қатысушысы көтереді;

6.11. Байқау ұйымдастырушылары жұмыстарды, автордың аты-жөнін көрсетіп,  БҰҰДБ басылымдарда, есептемелерде және басқа да коммуникациялық және ақпараттық материалдарда пайдалану құқығын өздеріне қалдырады.

 

  1. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

7.1.Байқауға қатысу үшін, байқау өткізілгенге дейін 1 жылдан бұрын емес  жасалаған жұмыстар қабылданады.

7.1.1. Көркем суреттерге (суреттерге) қойылатын техникалық талаптар:

  • Сурет А4форматынан кіші және А3 форматынан үлкен болмауы тиіс.
  • Сурет салудың кез-келген техникасы қабылданады (қарындаш, гуашь, акварель, пастель, майланған және акрилденген бояулар және т.б.).
  • Суретке автордың аты-жөні мен жұмыс атауы көрсетілген этикетка тіркелуі тиіс.

7.2. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға қатысуға қабылданбайды.

 

  1. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

8.1. Әр номинациядағы жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері осы Ереженің №2 Қосымшасына сәйкес анықтайды.

8.2. Байқау нәтижелерін Ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 23 қазанынан қалдырмай жариялайды.

8.3. Жүлделі орындарғаие болған қатысушылар, Байқау ұйымдастырушылар атынан дипломдармен, мүсіншелер мен құнды жүлделермен марапатталады.

8.4. Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 25 қарашасында іске асырылады. Жүлделер поштамен жолданады немесе  байқау нәтижелері бойынша ұйымдастырылған кездесу барысында жеңімпаздарға табысталады.

8.5. Байқау ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының қосымша номинациялар мен арнайы жүлделерді тағайындау құқығына ие.

8.6. Марапаттау рәсімне қатысу мүмкіндігі болмаған жеңімпаздарға, дипломдар, мүсіншелер мен арнайы жүлделер пошта арқылы келесі 3 апта ішінде  жолдананды немесе ұйымдастырушылармен жеке кездесу барысында табысталады.

8.7. Байқаудың жеңімпаздары, жүлдегерлері мен басқа да жүлдерлерге ие болушылардың, Байқау жүлделері мен басқа сыйларды, өздерінің шығармашылығын жарнама ету немесе көпшілікке танымал болу мақсатында пайдалану құқығы бар.

 

  1. ЖЕҢІМПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҮЛДЕЛЕР

9.1. Байқауұйымдастырушыларыкелесі құнды жүлделерді көздеген:

9.2. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен мүсіншілерге ие болады, ал қатысушы сертификаттары (электрондық түрде) – байқау қатысушылардың барлығына табысталады.

Байқау ұйымдастырушыларының байланыс деркетері:

ШҚО, Катонқарағай ауылы, Жампейсов 16А («Катонқарағай МҰТП» РММ)

Байланысушы тұлғалар:

Айгуль Нигметова

«Катонқарағай МҰТП» қызметкері

8 778 839 53 39

 

Халықаралық қар барысы күніне арналған республикалық суреттер байқауын өткізу туралы Ережеге

№1 Қосымша

 

Халықаралық қар барысы күніне арналған

Сурет байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

(*өтінімді байқауға қатысушы толтырады)

 

1.

Облыс, қала, аудан және елді мекеннің атауы

 

2.

Мектептің, басқа оқу орнының толық атауы

 

3.

Байқауға қатысушының аты-жөні

 

4.

Байқауға қатысушының туған кезі, жасы, сыныбы

 

5.

Қатысушының телефон нөмірі

 

6.

Өтінім ұсыну күні

 

7.

Куратордың/ата-ананың аты-жөні

 

8.

Куратордың/ата-ананың телефон нөмірі

 

9.

 

Куратордың/ата-ананың электрондық поштасы (іс шараның өту мерзіміне байқау туралы ақпаратты жіберу үшін, поштаның бір адресі көрсетіледі)

 

10.

Жеке мәліметтерді өңдеуге, сонымен қатар,жұмыстарымды байқау кезінде және байқаудан кейін пайдалануға келісімімді беремін.

ата-ананың қолы

 

Өтінімді толтыру күні                                 ____________   _________________       

Байқау қатысушысының ата-анасы(қолы)              (аты-жөні)