"Парктер шеруі 2022" Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылуы!
Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері халықаралық акцияның салтанатты ашылуы мақсатында Өскемен қаласындағы ШҚО отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды.
Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша: "Балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі".
Катонқарағай ұлттық паркінің ұжымы тәрбиеленушілерді қолдау туралы шешім қабылдады, Катонқарағай ұлттық паркінің бас директор орынбасары Крыкбаева Раушан Намазовна Катонқарағай ұлттық паркінің кәсіподағының атынан ақшалай 100 000 жүз мың тенге сертификатын, сондай-ақ ұлттық парктің грамоталары мен сыйлықтарын табыс етті.
Парктер шеруінің негізгі мақсаттарының бірі экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа біздің табиғи және мәдени игілігіміз үшін мақтаныш сезімін ұялату, қорықтар мен ұлттық парктерді ерте жастан қорғауға әрбір мемлекеттік инспектордың міндеті болып табылады! Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы 2002 жылдан бастап өткізіледі. Аталмыш акцияның мақсаты: жергілікті халықтын, қоғамның, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне аударту және оларға көмек көрсету. Жылдан жылға "Парктер шеруі" акциясы жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті халық пен жастардың тарапынан қолдауға ие болып жатыр. "Парктер шеруіне" жыл сайын Катонқарағай,Зырян, Күршім, Большенарым аудандарының орта және негізгі орта мектептері және "Айгөлек", "Балдырған" балабақшалары қатысады. Акция аясында"Жер күні", "Құстар Күні", "Менің атаулы ағашым", "Ауылдың гүлденгені-мемлекеттің гүлденгені", "Ашық есік күндері" т.б. экологиялық және табиғат қорғау іс-шаралары өткізіледі. Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары және көптеген табиғат жанашырларыда демеушілік көмек көрсетеді. Акция аясында оқушылар бірқатар табиғат қорғау шараларын өткізеді: лекциялар, әңгімелер, көрмелер, қоқыс тазалау бойынша экологиялық десанттар, "дөңгелек үстелдер", мерекелік көріністер, концерттер, шерулер, көшеттер отырғызу, және тағы басқа.