AA+
AA+

Әр елдің өзіндік символына айналған жануары бар. Орыстың аюы, қытайдың айдаһары, үндінің сиыры дегендей. Қазақстанның тірі символы – барыс қазақ халқы үшін қасиетті жануарға айналды.

23 Қазан Халықаралық Қар барысы күніне орай, бүгін Өрел орта мектебінде фестиваль өтті.

Жылда Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері ұйымдастыратын фестивальдың ең басты мақсаттары: Қазақстандағы қар барысын мекен орталарында сақтау бойынша әрекетке балалар мен жастарды тарту; Қазақстанда жас ұрпақты сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтауға ынталандыру; көпшілік пен БАҚ-тың қар барысының популяциясын сақтау маңыздылығына назарын аудару; жас ұрпақтың шығармашылығын қолдау мен дамыту.



Биылғы жылы бізді БҰҰ даму бағдарламасы және Катонқарағай ауданының тұрақты даму қоры қолдап, зор үлес қосып, демеушілік көрсетті! Бірлесе ұйымдастырылған «Қар барысы» іс-шарасына Аршаты орта мектебі, Өрел орта мектебі, Жамбыл орта мектебінің оқушылары және Өрел филиалының инспекторлары қатысты. 1 топта 3 оқушы және 2 инспектор бірлесе өз күштерін сынады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын – Өрел орта мектебі, 2 орын – Аршаты орта мектебі, 3 орын – Жамбыл орта мектебі иеленді. Жеңімпаздар демеушілеріміздің атынан мадақтама және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Катонқарағай ұлттық паркі барлық қатысушыларға белсенділік танытып іс-шараға қол үшін бергендеріңіз үшін алғыс білдіреді!

@undp.kazakhstan @furst.kz