AA+
AA+

Жаңа «Мұздықтар – судың сақшылары» халықаралық байқауының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз! 
Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының оқушылары байқауға қатысуға шақырылады. 
Қатысушылар өз жұмыстарында мұздықтардың сұлулығы мен ұлылығын, сондай-ақ, жердің маңызды ресурстарының бірі ретінде олардың морттығын мен осалдығын көрсетуі тиіс. 
2025 жыл – Мұздықтарды сақтау жылы деп жарияланды. Бұл туралы ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мәлімдеді.
 Байқауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 1 сәуір – 30 сәуір 
Жас санаттары 
• 7-10 жас
 • 11-14 жас 
• 15-17 жас 
Суреттерге қойылатын талаптар 
• Байқаудың белгіленген тақырыбына сай болуы тиіс. 
• Жұмыс қатысушының өз қолымен салынуы қажет. 
• Сурет форматы – А3. 
• Электрондық нұсқадағы жұмыстар қабылданбайды. 
• Жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды. 
Суреттің артқы жағында мына мәліметтер көрсетілуі тиіс (қағазға жазып жабыстыруға болады): 
1. Жұмыстың атауы
2. Қатысушының аты-жөні, жасы, жетекшісінің аты-жөні, білім беру мекемесінің атауы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы 
3. Конкурс шарттарына сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды. 
4. Байқауға қатысу арқылы қатысушы өз жұмысын ұйымдастырушылардың экологиялық-ағартушылық шараларында қолдануына келісім береді (автордың аты көрсетіледі).
 5. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге халықаралық үлгідегі дипломдар табысталады. 
 6. Барлық қатысушыларға электронды алғыс хаттар жіберіледі. 
Байқауға қатысу үшін жұмыстар мына мекенжайға жіберілуі керек:
 ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жәмпейісов көшесі, 16А, Экологиялық ағарту және туризм бөлімі. Пошта индексі: 070908 
Анықтама телефоны: 8 (778) 839-53-39
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады. Дәстүр бойынша, ең үздік жұмыстар халықаралық «Мұздықтар – судың сақшылары» балалар шығармашылығы көрмесіне қойылады, ол ұйымдастырушылардың визит-орталықтарында экспозицияланады. 
Қатысуға асығыңыздар!