AA+
AA+

Өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, туристік қозғалысты дамыту мақсатында  Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен жыл сайын «Жасыл алаң» облыстық эколого-туристік слеті өткізіледі.

«Жасыл Алаң» эколого-туристік слетінің мақсаттары мен  міндеттері мектеп оқушылары арасында табиғи ортада өзін-өзі ұстау ережелерін,жорық жағдайында алғашқы медициналық көмек көрсетуді,туристік дағдыларды үйрету, жас жеткіншектер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау,ұлттық мәдениетті сыйлау және басқа ұлттардың мәдениетін құрметтеу болып табылады.

Биылғы жылы «Балалар жылы» аясында слетты «Жас турист станциясы» КММ-сінің тәрбиеленушілерімен «Сарымсақты» туристік-экскурсиялық маршрутында өткіздік.

Бір жағынан оқушылар саяхат жасап серуендеп қайтты.

Аталмыш іс-шара Катонқарағай ұлттық паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Елемесов Самат Қайратұлының құттықтау сөзімен басталды. Ұлттық парк қызметкерлері қатысушыларға мастер класс көрсетіп, туристік кедергілермен таныстырып өтті. 4 команданың арасында жарыс түрінде өткен бағдарлама аспалы көпір, аспалы өткел, паралельді өткел, шатырды дұрыс құрау және жинау, алау жағу, туристік байламдардың түрін көрсету және компос кезеңдерінен тұрды.

Қатысушы командалар бар күш-жігерлерін салып, бұл жарыста өздерін жақсы қырларынан көрсетті. Қорытынды бойынша 1 орынды «Экстрим»  2 орынды «Туран» 3 орынды «Қазақ стиль» командасы жеңіп алды. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Қатысушы командалар мен топ жетекшілеріне алғыс білдіреміз, осындай игі іс-шараларымыз  жыл сайын жалғасын таба берсін!

Экологиялық ағарту және туризм бөлімі

А.Нигметова