Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

    А.Н. Челышев        

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары мен болашағы

2001 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс атқаратын ғылым бөлімінің құрылуы мен 2001 жылдың 21 желтоқсанында бірінші отырысы болып өткен ғылыми техникалық кеңес Ережесінің қабылдануы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (КМҰТП) ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі кезең болып табылады. Бастапқыда ғылыми бөлім бастығы лауазымына Р.Н. Крыкбаева тағайындалды (қазіргі таңда бас директордың ғылым және туризм жөніндегі орынбасары). Бөлімнің алғашқы жұмыс күнінен бастап зерттеу жұмыстарының басым бағыттары анықталды. Олар: табиғатты пайдаланудың әр түрлі режимдерінде табиғи экожүйелер мониторингін («Табиғат жылнамасы») жүргізу және флора мен фауна саласында түгендеу жұмыстары. Түгендеу жұмыстарының сапалы әрі тез жүргізу зерттеу жұмыстарының ары қарай жұмыс атқаруына септігін тигізетінін түсіне отырып, ЕҚТА алғашқы жұмыс күндерінде ұлттық парк аумағында келісімшарт жұмыстарын жүргізу үшін ҚР жетекші ғылыми-зерттеу институттарын тарту жұмыстары атқарылды.

2002 ж. шаруашылық келісімшарт негізінде «Катонқарағай МҰТП ірі сүтқоректілерін есепке алу мен аумақта таралуын зерттеу» тақырыбы бойынша жұмыстарға БжҒМ зоология Институтының ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Р.Ж. Байдаулетов пен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Ю.К. Зинченко кірісті.   Бұл тақырып бойынша зоология Институтының териология зертханасы меңгерушісі, б.ғ.д., профессор А.Б. Бекенов жетекшілік етті. Тақырып бойынша қабан, марал, бұғы, елік, тау ешкі, арқар, қасқыр, аю, құны, сілеусін мен қар барысы есепке алынып, олардың аумақта таралуы зерттелді. МҰТП ірі сүтқоректілерінің негізгі өлу себептері мен тұяқты  жануарлардың орташа табыны анықталып, оларды сақтау мен өндіру үшін ең перспективалық шаралары дайындалды.

2003 жылы ұлттық парктің өсімдік жамылғысын зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Б.ғ.д., профессор Н.К. Аралбаевтің жетекшілігімен ҚР БжҒМ ботаника және фитоинтродукция Институтының ғылыми қызметкерлері М.П. Данилов, Е.Б. Исаев, Г.А. Нам, Б.М. Сұлтановамен « «Рахмен қайнары» Ботаникалық-геологиялық қаумалының өсімдік жамылғысы» тақырыбы өңделе бастады. Қаумал аумағында 75 тұқымдасқа және 379 туысқа жататын 572 түр түркелді. Өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайына баға беріліп, оны сақтау жөнінде  ұсыныстар анықталды. Бұл есептің ерекше бағалылығы -  тек ұлттық парк үшін ғана емес, сонымен қатар ШҚО жаңа түрлер табылған БГҚ аумағын микологиялық зерттеу бөлімінің болуы.
2003 жылдың жазында Қаракөл көлі ауданында В.В. Докучаев атындағы Мәскеу топырақ институты ғылыми қызметкері, б.ғ.к. М.И. Скрипникова   шым тезек сапропельдер шөгінділерін талдау жолымен паралельді толық сипаттамалары бар климаттық кезеңдердің ауысуын зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыстың аяқталмағанына қарамастан, бұл жұмыстар ары қарай Қаракөл көлін зерттеп, оны Алтай таулы жұйесінің ежелгі су-батпақты алқаптар тобына жатқызу мәселесін алға қойды.

КМҰТП ихтиофаунасын ішін-ара түгендеу жұмыстарын 2003 жылы ұлттық парктің ғылыми қызметкері М.Т. Баймұқанов жүргізді.  Тексеру жұмыстары Қаракөл көлін және одан ағып шығатын Язевка өзені, Қаумыш көлін; Бұқтырма көлін және одан ағып шығатын Алыбай, Бұқтырма, Қара-Қаба өзендерін қамтыды.
2003 жылдан бастап КМҰТП аумағында «Топаз» ЖАҚ «Бұқтырма өзені бассейіндегі экзогенді геологиялық үрдістерді зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жүргізілген кезеңінде экзогенді геологиялық үрдістердің жоғаргы интенсивті белгілі учаскелерін режимді бақылау үшін реперлер желісі қалпына келтірілді. Өзендер арналар жағалары  шайылған негізгі орындары және интенсивті жыра түзілу орындары анықталды.
Шығыс Қазақстан дәрілік өсімдіктер викарлы түрлер ресурстарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында Листвяга жотасының дәрілік өсімдіктер қорының қазіргі жағдайын зерттеумен ҚР ҰҒА Академигі И.О. Байтуллинның жетекшілігімен «Экологиялық реконструкция орталығы» ғалымдары тобы 2004 жылдан бастап айналыса бастады. Маршрутты-барлаушылық зерттеу жолымен аймақтың дәрілік өсімдіктерінің таралуы, биологиялық және фитоценотикалық ерекшеліктері мен ну түзетін дәрілік өсімдіктердің кейбір викарлы түрлер қорлары анықталды.
А.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының Шығыс Қазақстандық Археология экспедициясының қызметкерлерімен 1997 жылы басталған, ұлттық паркпен ауылдық әкімшілік жерлері шекарасында орналасқан Берел некрополін зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. ҚР ҰҒА Академигі З.С. Самашев басқарған бұл экспедицияның археологиялық олжалары ұлттық мәдени мұрағаттың бір бөлшегі болып табылады.
2004 жылы зерттеу жұмыстарының 2004-2010 жылдарға арналған перспективті тақырыптық жоспары дайындалып бекітілді. Өкінішке орай, келісімшарт негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу тақырыптарын қаржыландырудың тоқтатылуы, бұл тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарының толық тоқтауына әкелді.  Ботаникалық түгендеу жұмыстары 2004 жылы толық тоқтатылса, ал фауналық зерттеулерді 2003 жылдың мамыр айынан ғылыми қызметкерлер болып қабылданған б.ғ.к. К.П. Прокопов пен С.В. Стариков жалғастырды. Олардың жұмыстарының арқасында, қазіргі таңда сүтқоректілердің 69 түрі, құстардың 277 түрі, жорғалаушылардың 6 түрі мен қосмекенділердің 3 түрі көрініс тапқан ұлттық парктің жерүсті омыртқалы жануарларының түрлік құрамы толықтай дерлік анықталды.

Қазіргі таңда бөліммен келесідей тақырыптар зерттелуде:
1. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша түгендеу және мониторингтік зерттеулер. Жауапты орындаушы – Р.Н. Крыкбаева.
2. КМҰТП қатты қанатты жәндіктер (Incesta, Coleoptera) фаунасын түгендеу. Жауапты орындаушы – А.У. Габдуллина.
3. КМҰТП құстардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері. Жауапты орындаушы – А.Н. Челышев.
ҒЗЖ дайындау мен биоалуантүрлілікті сақтау облысында КМҰТП-нің белсенді серіктесі «Катун Мемлекеттік табиғи биосфералық қорығы» ФММ болып табылады. Екі ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың өзара арақатынасты екі жақты ынтымақтастық келісімшартқа кол қоюын, биоалуантүрлілікті зерттеу мен сақтаудағы бірлескен шараларды тиімді жоспарлау деп сипаттауға болады. 2005 жылы 7 шілдеде Алтай Республикасында өткен халықаралық отырыс  шекаралас ерекше қорғалаты табиғи аймақтарда ортақ ғылыми ынтымақтастық стратегиясын дайындаудағы  маңызды қадам болды. Ресей, Қазақстан және Финляндия мемлекеттерінің мүдделі басқармалары мен ғылыми мекемелері өкілдері трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.   Бұл отырыстың жалғасы GLORIA (Global Observation Research in Alpine Environments – альпийлік ортада бақылау мен зерттеудің глобальді бастамасы) бағдарламасы аясында жүзеге асырылған халықаралық ресейлік-қазақстандық-австриялық экспедицияға ұлттық парк қызметкерлерінің қатысуы болды.
2005ж. шілдесінен бастап «Ирбис» қоғамдық ұйымының директоры, доктор Иржи Клахуламен ҒЗЖ облысында ынтымақтастық келісімшарт жасасу үшін келіссөздер жүргізіле бастады. Чехия республикасының екі университеттерінің негізінде құрылған, «Ирбис» қоғамдық ұйымы бірлескен ғылыми-зерттеу жқмыстарын жүзеге асыруға және табиғи-қорықтық қорлар объектілерін сақтау облысында мамандарды дайындауға қызығушылық тудырды. Екі ұйым арасындағы ынтымақтастық келісімшартқа 2006 жылы 30 шілдесінде қол қойылып, сол күні Катонқарағай МҰТП орталық кеңсесінде екі ұйым қызметтері жайлы ортақ презентация көрсетілді. Чехиялық әріптестер ұлттық парктің құрылымымен, филиалдар мен негізгі бөлімдер жұмысымен, сонымен қатар, ұйымның алдында тұрған міндеттермен танысты. Ұлттық парк қызметкерлері өз кезегінде «Ирбис» ҚҰ өкілдерінің ҒЗЖ негізгі бағыттарын білді. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен оларды орындауда қолданылатын әдістемелер көрсетілді.

Ғылым бөлімі жұмысының жеке бағыттарының бірі «Табиғат жылнамасы» үшін мәліметтер жинау.   «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер 2002 жылдан жүргізіледі.  2005 жылды қоса алғанда дейін бұл тақырып бойынша барлық ақпараттарды жинау «Летопись природы в заповедниках СССР» (Филонов, Нухимовская, 1985) әдістемелік нұсқаулығы бойынша жүргізілген. Бастапқы мәліметтерді жинауда ұлттық парктің инспекторлық құрамы белсенді қатысады. 6 орманшылық аумағында ұлттық парк инспекторлары бақылау жүргізетін фенологиялық алаңдар бар.  2004 жылдың мамырынан бастап «Табиғат жылнамасының» «Климат», «Табиғат күнтізбесі» бөлімдеріне қажетті метеорологиялық мәліметтерді беруде Катонқарағай ауылы метеостанциясы орасан зор көмек көрсетеді. Бұл 1998 жылы өз жұмысының жүз жылдық мерейтойын атап өткен, Қазақстандағы көне метеостанциялардың бірі.