AA+
AA+

Ынтымақтастық тарихы

Алтай-Саян экоөңірі 4 мемлекеттің – Ресей, Қазақстан, Монголия және Қытайдың шекаралары тоғысқан жерінде трансшекаралық орын алып жатыр. Алтай-Саян экоөңірінің биологиялық және ландшафттық алуантүрлілігін сақтау мақсатында көп мөлшерде әртүрлі шеңберлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  (ЕҚТА) құрылған болатын. Ең алғашқы рет Алтай өңірінде ЕҚТА трансшекалық ынтымақтастығын құру туралы идея 1998 жылы  Орталық Азияның тұрақты дамуы бойынша өткен Кеңестің халықаралық конференциясында айтылған болатын.

2004 жылы Катунь биосфералық қорығы мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі биоалуантүрлілікті сақтау мен шекараға жақын аумақтардағы қоғамдастықтардың тұрақты дамуына ықпал жасау мақсатында трансшекаралық ынтымақтастыққа ынта білдірді.
Трансшекаралық биосфералық резерват бірнеше тау жоталарын – Катун, Листвяга, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай және Сарымсақты жоталарын қамтып 795 200 га аумақты алып жатыр. Сібірдің ең биік шыңының массиві – Мұзтау тауы да осы қорғалатын аумақта орналасқан. Топырақ жамылғысы жоғарғы зоналдылыққа тән экожүйелердің жоғары алуантүрлігімен сипатталады. Алтай аумағына тән экожүйелердің барлығы дерлік   TBR аумағында кездеседі: мұзды және нивальді кешендер, таулы тундра, альпілік және субальпілік шалғындар, тау ормандары (тайга), далалар. Бұл экожүйелер 1500-нан астам жоғары сатылы  өсімдіктердің (оның  ішінде 50 жоғалып кету қаупі төнген түрлер) және 70 сүтқоректілер түрлерінің ортасы. «Үлкен Алтай» ТБР биік таулары жоғалып кету қаупі, бар жаһандық маңызға ие қар барысының мекені болып табылады.

2011 жылы 15 қыркүйекте екі ерекше қорғалатын табиғи аумақта «Алтай» трансшекаралық резерватын құру туралы ресми үкіметаралық келісімге қол қойылды. 
Трансшекаралық резерват құрудың мақсатары:

  • Алтайдың таулы аймақтарының биологиялық және ландшафттық алуантүрлілігін сақтау;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласында  екіжақтық ынтымақтастыққа ықпал ету және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
  • Экологиялық мониторинг жүргізу және табиғи  экожүйелерді зерттеу;
  • Тұрғындарды экологиялық ағарту және экологиялық туризмді дамыту.

 

Бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ынтымақтастығы биоалуантүрлілікті үздіксіз сақтау концепциясын тәжірибелік  енгізу болып табылады.

2017 жылы ЮНЕСКО «Үлкен Алтай» трансшекаралық биосфералық резерваты номинациясын ресми түрде қолдады. ТБР жалпы аумағы 1 543 807 га алып жатыр, оның ішінде Казақстанда 956890  га, Ресейде 586 920 га аумақты құрайды.