Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Ю.К. Зинченко
Катонқарағай ұлттық паркі мен Алтайдың іргелес аумағы териофаунасын зерттеу тарихы

Алтайдағы фауналық зерттеулер бастамасы Петербург ғылым Академиясының академигі табиғаттанушы И.Г. Гмелин (1734 ж.) мен белгілі ғалым-экциклопедист П.С. Палластың (1771 ж.) бұл таулы аймаққа сапарларымен байланысты. Олар аралаған Батыс және Орталық Алтайда «жабайы аңдар молшылығы»: марал, елік, ақбөкен, арқар, бұлан, қабан, аюдың молшылығы аңғарылған. 1806-1809 жж. Академияның корреспондент мүшесі Г.И. Спасский Алтайға бірнеше сапар жасады. Ол  Қорғон мен Тигирек жоталарына (Орталық Алтай) аю, қасқыр, түлкі, бұлғын, марал, бұғы мен еліктің мекендейтінін айтады. Қытаймен шектесетін, Оңтүстік Алтай үшін, дәлірек Бұқтырма аңғарлары ауданында жоғарыда айтылған жануарлардан басқа жергілікті аңшылар сілеусін, қарсақ, арқар, құны және т.б. түрлерді көптеп аулайды (Кузнецов, 1948). 

Кейінірек, Бұқтырма аңғары мен Мұзтау тауының маңынан колывано-Воскресенскилік күміс балқыту зауыты госпитательдері мен ауруханаларының бас инспекторы, медицина мен хирургия докторы, ботаник, энтомолог және географ-саяхаттанушы Ф.В. Геблер (1836) жүріп өтті. Ол бұл ауданда Сібір ешкісі, қар барысы, бұғы, бұлан, тас сусар мен Бұқтырма аңғарларында қабандардың кездесетінін хабарлады. 

Ауданның оңтүстік бөлігіндегі сүтқоректілер жайлы кейбір мәліметтер Мәскеу табиғатты бақылау қоғамының тапсырмасымен 1840 ж. және екінші рет 1843 ж Оңтүстік Алтайға сапар шеккен зоолог Г.С. Карелин мен лаборант И.П. Кирилл күнделіктерінде бар. 1840 ж. олар болған пунктерден Нарым жотасы мен Күршім белгіленген. Бұл сапарлар нәтижесінде, кейінінен ғылым Академиясына түскен тізім коллекциясында сүтқоректілердің 90 түрі көрсетілген. Өкінішке орай, Г.С. Карелин экпедиясы нәтижелерінің көпшілігі жарияланбаған. Тек оның күнделігінің кейбір мәліметтері В.И. Липский (1905) мен В.А. Хахловтің жұмыстарында көрсетілген. Г.С. Карелин Күршім өзені үшін аюларды, сілеусіндерді, жабайы мысықтарды, сусарларды, бұлғындарды, тиіндерді, құндыздарды, тышқандарды көрсетеді. 

1876 ж. Алтайды Бременский полярлық қоғамы экспедициясының қатысушылары: белглі неміс зоологы, жазушы-натуралист Альфред Брем мен ғылым докторы Отто Финш аралайды. Саяхаттанушылар Бұқтырма өзеңі аңғарлары мен Марқакөл көлінде болды. Оңтүстік- алтай таулары үшін негізінде сауалнама мәліметтері негізінде жазылған 1879 ж. неміс тілінде және 1882 ж. орыс тілінде шыққан О. Финш пен А. Бремның «Путешествие в Западную Сибирь» атты кітабында сүтқоректілердің 25 түрі келтірілген. Оның ішінде Бұқтырма аңғары үшін сілеусін, аққұлақ, тиін, сусар келтірілген. Бұғы жайлы «о времена Палласа» (1882; 251 б.) кітабында көптеп жазылған. Олар Катонқарағайда аю, түлкі, сілеусін, құны, аққұлақ, ақкіс, тиіннің терілері алынғанын айтады.

1882 жылы Оңтүстік Алтайда зоолог А.М. Ниольский болды. Өзінің «Путешествие в Алтайские горы летом 1882 года» жұмысында Алтайда сүтқоректілердің 39 түрінің сипаты мен таралуы жайлы мәліметтер келтіреді. Ол көртышқанның жаңа формасы – алтай көртышқанын сипаттады. А.М. Никольский Оңтүстік Алтайда қоңыр аю, тау сусар, борсық, құндыз, ақкіс, аққұлақ, қасқыр, тиін, суыр, қоян, бұғы мен тау ешкілері мекендейтінін айтқан. Оның тұяқты сүтқоректілер – марал, бұғы, арқар, елік, бұланды тек Орталық Алтайға келтіретіні қызықты. Бұқтырмада жолбарыс аулау бар екені айтылған.

Оңтүстік Алтай сүтқоректілерінің толығырақ тізімін аңшы, натуралист, «Природа и охота» журналының бас редакторы Н.И. Яблонский өзінің жеке бақылаулары негізінде жазды. Ол үш жыл (1900-1903 жж аралығында) Катонқарағайда тұрып, аумақтың үлкен бөлігін тексерді. Н.И. Яблонский «На Алтае» (1903), «Долина реки Курчум и ее фауна» (1907) очеркі мен мақалаларын жариялады. Соңғысында сүтқоректілердің 12 түрінің аннотацияланған тізімі келтірілген. Кездесу уақыты мен коллекциялық жинақтың жоқтығынан бұл жұмыстардың бағалылығы азаяды. Кейбір мәліметтер де күмән тудырады. Жекелегенде, тас сусары мен қызыл қасқыр - кәдімгі және санының көп түр ретінде келтіріледі, бірақ бұл мәліметтер ертеректегі де кейінгіде зерттеулерде расталмайды. Н.И. Яблонскийдің «Охотничье и промысловые звери и птицы Южного Алтая» (1914) жұмысы бұл жерде мекен ететін 20 түрден басқа, автор аумақ үшін алғаш рет вертикальді ландшафты белдеулер мен әрбіреуіне тән жануарларды сипаттауымен қызықты.  «Алтайлық далаға» - саршұнақ; «жапырақтық белдеуге» - елік, сілеусін, құны, аю; «таулы шыршалы ормандарға» - борсық; «самырсынды орманға» - аю, түлкі, тиін, ақ қоян, аккіс; «альпийлік жайылымға» - тау ешкі, арқар, алтай суыры, шіңкілдек және «барлық өңірде таралған» - қасқыр, бұлғын жатқызады.

Аймақтың фаунасы жайлы ақпарат бұл аймаққа әр уақытта келген зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. А.Н. Седельников (1910) «Озеро Зайсан» атты еңбегінде Қара Ертіс аңғары мен салалары үшін – құндыз бен құныны, Канас тауларына – сілеусін мен барысты, Күршім мен Марқакөлге – құндызды («сирек кездесті» таңбасымен), Моңғолдық Алтайға – солтүстік бұғы мен бұланды келтіреді.  
Ғалымдар мен саяхатшылардың коллекциялық материалдары әртүрлі ғылыми ұйымдар мен мұражайларға түседі.  Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір мұражайы бөлімінің (Омск қаласы) зоологиялық коллекцияна бізді қызықтыратын ауданнан  1897 ж. Бұқтырма маңынан сібір күзеңі экземпляры; 1911 ж. -  Бұқтырма маңы мен Березовский ауылынан эверсман саршұнағы, бұрындық, күзен, тасты күзен, борсық; Оңтүстік Алтайдан – қызыл қасқыр, сабаншы түскен. Мұражай коллекциясының жинағын А.Н. Седельников (1918) құрастырған.

Зоолог В.А. Селевин өткен жүзжылдықтың 20-30 жж. Алтайдағы аңшылық шаруашылығы жағдайы, кейбір сүтқоректілердің (қар барысы, бұғы) таралуы мен биологиясына арналған бірнеше жұмыстарын «Охотник Алтая», «Охотник и рыбак Сибири» журналдарында жариялайды. 

Алтайда марал шаруашылығының дамуына байланысты бұл салаға көптеген мақалалар арналған. Олардың кейбіреуінде маралдардың таралуы мен экологиясы жайлы мәліметтер бар. Бұл тақырып  А.Н. Седельниковтің (1900), А.П. Горчаковскийдің (1924), М. Трусовтың (1924), Яковлеваның (1925) және Ф.Г. Добржанскийдің (1928) жұмыстарында толық көрсетілген.

ХХ  ғ-ң 40 жылдары Оңтүстік Алтайда, негізінде Бұқтырма аңғары мен Марқакөл көлінде ҚазССР ҒА зоология Институтының қызметкерлері А.В. АфанасьевB.C. Бажанов (1942), И.А. Долгушин (1946), Е.И. Страутман (1947-1948) фауналық зерттеулер жүргізді. Бұл жұмыстар нәтижесінде жиналған материалдар зоология Институтының коллекциясына келіп түсті. Е.И. Страутман Бұқтырма мен Кұршім өзендерінің аңғарларын тексерді. Ол 29 түрлі сүтқоректілерден 492 экземпляр алды. «Фауна млекопитающих Южного Алтая и ее зоогеографические особенности» (1967) атты мақалада 62 түрдің толық түрлік құрамы мен зоогеографиялық талдауы жасалған. 1949 ж. Е.И. Страутман Оңтүстік Алтайда эндемикалық түр болып табылатын кеміргіштердің бір түрі – алтай сұр тышқаның сипаттайды. 
60-70 жж. бұл жерде алтай бұлғыны мен америка қара күзенінің экологиясын зерттеген Ю.Г. Афанасьев,  суырлар тұқымдасының кейбір түрлерін (борсық, ақкіс, тас сусар) зерттеген Ю.С. Лобачев, қоңыр аю, тиін және т.б. түрлердің санағын жүргізген Ю.А. Грачев жұмыс істеді. Осы және алдыңғы зерттеушілердің сүтқоректілер жайлы жиналған мәліметтері «Млекопитающие Казахстана» (Кузнецов, 1948), «Звери Казахстана» (Афанасьев және т.б., 1953), «Зоогеография Казахстана» (Афанасьев,1960) монографияларында жинақталды. Аумақтағы сүтқоректілердің таралуы мен экологиясы, фаунасы жайлы толығырақ мәліметтер төрт томды «Млекопитающие Казахстана» (1969-1985) атты монографияда баяндалған.
1978 ж. «Красная книга Казахской ССР» жарыққа шығып, 1991 және 1996 жж. қайтадан басылып шығарылды. Оған Оңтүстік Алтайда мекен ететін сирек кездесетін 5 түр: сабаншы, қар барысы, қызыл қасқыр, тас сусар, алтай арқары енгізілді. Сабаншы мен алтай арқары Бұқтырма өңірінен жоғалып кеткен деп есептеуге болады. 

70-80 жж. Оңтүстік Алтай сүтқоректілер фаунасын зерттеуде Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері -  Г.М. Васильева (1977-1984 гг.), Н.Н. Березовиков (1978-1986 гг.), Ю.К. Зинченко (1980-1989 гг.), Р.Н. Сагутдинов (1982-1986 гг.) айтарлықтай үлес қосты. Аумақтың тұяқты және жабайы сүтқоректілері оның ішінде сирек кездесетін түрлер жайлы зерттеулер нәтижелері қорықтың «Табиғат жылнамасында» (1978-1981 жж.) көрсетіліп, ғылыми конференциялардың мақалалары мен тезистерінде басылып шықты (Березовиков, 1982; Зинченко, Березовиков, 1982; Зинченко, Березовиков, 1986 және т.б.).
Оңтүстік Алтайда мекен ететін сүтқоректілердің (қар барысы, марал, бұлан, қоңыр аю) таралуы, биологиясы, жеке түрлердің мінез-құлықтары жайлы мәліметтер бұл аймаққа70-90 жж. аз уақыт сапар шеккен немесе зерттеген республикалық, облыстық ғылыми және табиғатты сақтау ұйымдары қызметкерлерінің монографиялары мен тексеру мақалаларында келтіріледі (Федосенко, 1980; Щербаков, Кочнев, 1982; Федосенко, Байдавлетов, 1989; Байдавлетов, 1993; 1995; 2002; Берёзовиков, Зинченко, 1995; Зинченко, 1995; Жиряков, Байдавлетов, 2002 және т.б
XX ғ-дың 90 жж. Табиғатты қорғау бойынша облыстық Комитеттің тапсырысымен б.ғ.к. Б.В. Щербаковтің жетекшілігімен «Кадастр животного мира Восточно-Казахстанской области» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. «Т.1. Южный Алтай. Позвоночные животные» атты тақырыптың соңғы есебінде 72 түр енгізіліп, оның зоогеографиялық ерекшеліктері, фауналық кешендері сипатталған териофауна тізімі бар. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, ҚР мен ХТҚО-ның (МСОП) Қызыл кітабына енгізілген, сонымен қатар аумақта сирек кездесетін сүтқоректілер көрсетілген. Бұл жұмыс Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі ұйымы жобасымен жұмыс істеуде аумақтың териофаунасы сипаттамаларын дайындауға негіз болды.
Парк құрылғаннан бастап (2001 ж.) сүтқоректілер фаунасын зерттеу систематикалық және мақсатты бағытталған болуда. Сүтқоректілердің жеке систематикалық түрлер топтарын, сонымен қатар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді зерттеу жұмыстарына халықаралық табиғатты қорғау қорлары мен республиканың жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары қосылуда.  Бүкіл әлемдік жабайы табиғат қоры қолдауымен (WWF) «Эко-Алтай» Үкіметтік емес ұйымы 2002 және 2004 жылдары Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай жоталарында қар барысы мен Сібір тауешкілерінің санағын жүргізді.   Бұл жұмыстардың алдын-ала нәтижелері қар барысы бойынша Халықаралық қордың Саммитінде (Сиэтл қаласы, АҚШ, 2002) баяндалып, Глобальді Экологиялық Қор мен БҰҰ (UNDP) Даму Бағдарламасының қолдауымен «Сохранение и устойчивое развитие биоразнообразия в Казахстанской части Алтае-Саянского экорегиона» жобасына енгізілді.
2002 жылы Катонқарағай МҰТП тапсырысы бойынша шар.келісімшарт негізінде ҚР БжҒМ зоология Институтымен «Изучение территориального распределения и учет крупных млекопитающих в ККГНПП» тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізілді (ғылыми жетекші – териология зертханасының меңгерушісі, биол.ғыл. докторы, проф.  А.Б. Бекенов, орындаушылар – Р.Ж. Байдавлетов, Ю.К. Зинченко, Н.П. Бодрова).  Парктегі қабан, күдір, елік, марал, бұғы, тау ешкі, арқар, қасқыр, аю, құну, сілеусін мен қар барысы сияқты ірі сүтқоректілердің аумақтық таралуы, саны, тығыздығы және т.б. популяция параметрлері анықталып, бұл түрлерді қорғау, өндіру және зерттеуге қажетті нәтижелер мен ұсыныстар жасалды. «Есепті» дайындау кезінде Парк қызметкерлері жүргізген санақ мәліметтері, сонымен қатар сұрақтар мен сауалнамалар нәтижесі қолданылды.
2002 жылдан бастап Парк сүтқоректілерінің түрлік құрамын, таралуы мен экологиясын зерттеумен  ШҚМУ профессоры, биол. ғылымдарының кандидаты К.П. Прокопов айналысады. Оның жұмыстары нәтижесінің материалдары Катонқарағай МҰТП архивінде сақталған және де ШҚМУ конференциялары жинақтарында жарияланады. 


Қазіргі таңға дейін жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Катонқарағай МҰТП сүтқоректілері фаунасын түгендеу жұмыстары белгілі нәтижесін берді. Бұл, парк қызметінің  алғашқы күндеріндегі зоологиялық зерттеулердің бастапқы талабы болатын. Ғылыми зерттеулердің ары қарайғы бағыты Парк аумағы мен оған жақын маңдағы сүтқоректілердің экологиясын, биологиясын, түрлер экологиясын, ішінаралық және популяция аралық арақатынасты зерттеу және оларды қорғау мен өндіру мәселелерін дайындау.