AA+
AA+

Экологиялық тәрбие және ағарту - адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі. Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге  болады. Сондай жолдардың бірінде Катонқарағай ұлттық паркінің инспекторлары жыл бойы аумақ аясындағы балабақшалар және мектептермен жақын қарым қатынаста. Бүгін экологиялық ағарту және туризм; жануарлар әлемін қорғау және өндіру; орман қорғау және өндіру бөлімінің мамандары “Жас турист” бекетінің тәрбиеленушілеріне ұлттық парк аумағындағы болу ережелері және 14 туристік маршруттармен виртуалды 3D форматта таныстырып өтті.