AA+
AA+

Биотехниялық іс-шаралар дегеніміз – жануарларға қолайлы жағдай жасап, жануарлар қорын көбейтуге немесе олардың өнімділік қасиеттерін жақсартуға бағытталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жүргізілетін әртүрлі шаруашылық жұмыстарды айтады. Катонқарағай ұлттық паркінде жануарларды қосымша азықтандыру шығыстың қарлы, аязды қысында мемлекеттік инспекторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қыс мезгілінде әсіресе табиғи жағдайда азықтық қордың аздығынан жануарларға қолайсыз жағдай туады, осыны ескере отырып Алтай орманшылығының инспекторлары Топқайың мекенінің № 2, Самар Бұлақ мекенінің № 4 шебер бөлімдерінде науаларға шөп, жем салып, арнайы жалақтарға тұз, бейнектер ілді.

Қосымша азықтандыруды дұрыс ұйымдастырғанда жануарлар қолайлы жерде шоғырланады, оларға бақылау жүргізу жеңілдейді.