AA+
AA+

Орман-біздің планетамыздың өкпесі екендігін оның әрбір тұрғыны біледі, сондықтан оған ұқыпты қарау экологиялық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.

Орман байлығын сақтап, молайтып, ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін орман саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – орман саласы қызметкерлерінің күнін жыл сайын қазанның үшінші жексенбісінде атап өтеді.

Бұл адамдардың өмірі орман байлықтарын қорғау және көбейту, ағаш  дайындау және өңдеу жұмыстарымен байланысты. 1977 жылдың 18 қыркүйегінде Кеңес Одағында орман шаруашылығы мәселелерін реттейтін "Орман заңнамасы" қабылданды. Ол қабылданған күннен бастап орман қызметкерлері күнін ресми түрде атап өтуге шешім қабылданды. Содан бері әр күзден бастап орман саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде.

Бірақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін болашақ ұрпақ ғана бағалай алады.

Катонқарағай ауданының мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында "Алтын күз" атты спорттық жарыстар өткізілді. Мерекені ұйымдастырушы  "Катонқарағай МҰТП" РММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары және "Жас турист станциясы" КММ мамандары болды.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау,туристік дағдыларға үйрету, қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Салтанатты жиында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары жарысқа қатысушыларға орманшы мамандығының маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы, осы мамандықтың адамдары еліміздің ғана емес, бүкіл ғаламшардың ормандарын сақтау және қорғау ісіне зор үлес қосатыны туралы айтып берді.

Ұйымдастырушылардың салтанатты сөзінен кейін командалар бағдарламаның бірінші бөліміне кірісті. Жарыс бағдарламасы өте мазмұнды болды. Әдемі көрсетілімнен кейін командалар жарыстың келесі кезеңіне кірісті. Командаларға  әртүрлі кедергілерден өту, зардап шегушіні жорық жағдайында тасымалдау, туристік жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары сынды қызықты әрі қиын тапсырмалар ұсынылды, онда қатысушылар өздерінің спорттық және туристік қабілеттерін көрсете алды.

Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері тартысты өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын бақылап, өте қобалжыды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең мықтыларды анықтады.  Тартысты ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Шыңғыстай орта мектебінің командасы, екінші орынды Жамбыл орта мектебінің командасы, ал үшінші орынды Печи орта мектебінің командасы иеленді.

Барлық командалар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ  сергектік пен жағымды эмоциялар алды.