AA+
AA+

Катонқарағай ауылының С.Ластаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары арасында экосайыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаттары жасөспірімдерді туған өлкенің табиғатын зерттеуге тарту; жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеуге ықпал ету, яғни экологиялық мәдениеттерін арттыру.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1) Таныстыру

2) Жедел сұрақ

3) Ой толғау

4) Экодизайнерлер

5) Мақалдың жалғасын тап

6) Әдеби сайыс.

Әр кезеңде оқушылар өз білімдерінен өте жоғарғы деңгейде көрсете білді. Жалпы командалық есепте бірінші орынға иеленген «Табиғат» командасы; 2 орын – «Жас экологтар» командасы; 3 орын – «Жасыл желек» командасы. Өз кезегінде экологиялық ағарту және туризм бөлімінің нұсқаушысы Дархан Болатханов және ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Айдана Алипина іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарға алғыс білдіріп, оқушыларға ұлттық парктің естелік сыйлықтарын табыстады.

Катонқарағай МҰТП
Баспасөз қызметі