Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Ата-әжелеріміздің балаға төккен мейіріміндей, бүгін күздің күні шуағын аямай төгіп тұр. Алтайдың басын шалған ақ қар, одан төмен көк жалаңаш тастар, көздің жауын алатын сап-сары жапырақты ағаштар, қысы-жазы түсін бермейтін жасыл шыршалар бүгінгі мерекенің ажары мен құпиясын аша түскендей.

1-қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Катонқарағай МҰТП» РММ-де бұрын қызмет атқарып, оның өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосқан, еңбегінің зейнетін көріп отырған аға-апайларымызды ұлттық парк ұжымы үйлеріне барып, мерекемен құтықтады. Атап айтқанда: Нечаева Нина, Жалгабаев Таир, Ибраимов Омирбек, Щербаков Феликс, Жакпаев Уалькан, Алдажаров Каныбек, Минина Татьяна, Жашиков Батырбек, Толукпаева Нурбану, Ахмадиева Жанар, Ускембаева Айтжамал алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұрпақтарыңыздың арасында ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз. Көп жылдық еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз.