AA+
AA+

а.ж. Қараша айының басында, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде бүкіл әлемде жыл сайын 23-і қазан күні аталып өтетін, Қызыл Кітапқа енген жануарларды сақтап қалу мен қорғауға арналған - Қар барысы халықаралық күніне орай БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырылған «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Байқауға ШҚО Алтай қаласы, Қатонқарағай ауданының 9-15 жас аралығындағы мектеп окушылары өз өнерлерін сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік жұмыстар іріктелініп 1,2,3 орындар және үздік жұмыстар жеңімпаздардын, Катонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Тыныбеков Ж.Б. және БҰҰДБ-ның биоалуантүрлілік және ауыл шаруашылығы бойынша жобаларының бағдарламалық үйлестірушісі Кертешев Т.С. мадақтама және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Барлық қатысушыларға қараша айының 25-не дейін тиісті мектеп әкімшіліктеріне электрондық түрде алғыс хаттар жолданатын болады.
Жеңімпаздар тізімі:
1 орын – Асылбеков Аңсар
«Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ
2 орын – Победина Зере
«О. Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ
3 орын – Смоляков Игорь
«Солоновка орта мектебі» КММ
Катонқарағай ұлттық паркі барлық қатысушыларға белсенділік танытып байқауға қол үшін бергендеріңіз үшін алғыс білдіреді!

 

Экологиялық ағарту және туризм бөлімі

Жадыра Мухамедсагиева