AA+
AA+

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын мынадай АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады:

      жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК;

      мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден – 0,2 АЕК;

      жеңіл автомобильдерден – 0,3 АЕК;

      орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк автомобильдерінен – 1,0 АЕК;

      орын саны 32-ге дейінгі автобустардан – 2,0 АЕК;

      орын саны 32-ден жоғары автобустардан – 3,0 АЕК.

      2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.