AA+
AA+

Катон-Қарағай ұлттық паркі - бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Бұл жерде, бүкіл әлемдегі сияқты қоршаған ортаны пластикпен және тұрмыстық қалдықтармен ластау проблемасы өсуде.

27 шілде күні Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев жариялаған "Бірге-Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдады.

Аталған акцияға ұлттық парктің қызметкерлерінен басқа 13 ауылдық әкімдік өкілдері; № 37 өрт сөндіру бөлімінінің; Шығыс Қазақстан авиазвеннің "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, Катонқарағай авиатобының қызметкерлері; ауданның орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдер құрамы; "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкерлері; жергілікті атқарушы органдар; жергілікті тұрғындар; сондай-ақ ұлттық парктің келушілері қатысты. 

Акция аясында ең үлкен және жергілікті тұрғындар және ауданының қонақтары жиі баратын Бұқтырма өзені мен оның негізгі Белая Берель, Черновая, Сарымсақты, Белая өзендерінің салалары тазартылды.

Акцияға 2504 адам қатысты. 3 тонна қоқыс жиналды. Акцияға қатысушыларды жеткізу және қоқысты шығару үшін ұлттық парк пен жергілікті тұрғындардың автокөліктері іске қосылды.

Бұл акция Катонқарағай ауданының даму қорының меценаттардың қызығушылығын тудырды. Олар жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ұлттық паркке келушілер көп баратын жерлерде, парктің қонақ үйлерінде, барлық бақылау-өткізу пункттерінде бөлек қоқыс бактарын орнату бойынша бастама көтерді, сондай-ақ бар маршруттар мен соқпақтарда тазалықты сақтау мақсатында әрбір келушіге қоқыс пакеттерін беру туралы шешім қабылданды.

 

                                                                                                       Катонқарағай МҰТП

ЭАжТ бөлімінің бастығы

                                                                                   А. А. Кобзев