AA+
AA+

Язевое көлі (Қаракөл) - Альпілік көлі, өзінің мөлдірлігімен және тұнықтығымен ерекшеленеді. Бұлтсыз ашық күндері көл бетінен Мұзтаудың бейнесін көруге болады. Қаракөл Мұзтауға, Қатын өзенінің бастауына, Көккөл сарқырамасына, Көккөл кенішіне апаратын басты жолда орналасқан. Көлдің ауданы салыстырмалы түрде үлкен емес: 1,0х0,4 км. Айдын көлді қоршаған таулардың баурайы қылқан жапырақты орманды болып келсе, биіктеген сайын альпі шалғындығына ауысады. Көл өзінің атауы айтып тұрғандай, балығымен әйгілі. Оның төңірегінде маралдар мен аюлар көптеп кездеседі. Бұл аймақтағы аққайран мекендейтін жалғыз көл. Ол Қараайрық ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.

Озеро Язевое - Қаракөл  көлі