AA+
AA+

Рахман көлі - Табиғи – қорықтық қордың гидрологиялық нысаны. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылының солтүстік шығыс шеті,  Листвяга ауданы, III өңір, Алтай провинциясының оңтүстік батысында орналасқан.Ұзындығы 2,6 км, ені 0,6 км, теңіз деңгейінен биіктігі 1760 м. Көлді беткейлеріне самырсын, балқарағай, шырша, етегіне қайың, тал өскен биік тау сілемдері (2600 м дейін) қоршап жатыр.Көлден Арасан бұлағы ағып шығады. Көл жауын, қар, жер асты суларымен көректенеді.Орта тереңдігі -19,5 м, ең терең жері – 30 м жетеді, су көлемі –  20 млн м. Орта есеппен жылдық тербелісі  1,5 м құрайды. 

Озеро Рахмановское - Рахман көлі