AA+
AA+

Көккөл кеніші – негізгі 1938 жылы Көкөл асуында  салынған, теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан, теңдесі жоқ тау-кен ескерткіші. Бұл ескерткішке мыналар кіреді: Көккөл кеніші (Жоғарғы Лагерь), Төменгі Лагерь, ауылдар арасындағы жол, Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір. Мұнда 1938 жылы вольфрам мен молибден өндіру, тұрғын үйлер және жұмысшы ауылын салу бойынша жұмыстар басталған болатын. Кеніштің өзінде, (Жоғарғы Лагерь немесе Көккөл Кеніші) асуында барақтар, кеңсе, клуб, қойма, ұстахана, байыту фабрикасы салынды. Батысқа қарай 8 км қашықтықта Көккөл сарқырамасы маңындағы орманды аймақта үйлері, ат ұстайтын ауласы, мектебі, наубайханасы және моншасы бар ауыл тұрғызылды.

Кеніш 1954 жылға дейін жұмыс істеді.

Коккольский рудник - Көккөл кеніші