AA+
AA+

Соқпақтың (маршруттың) санаты:

 

  1. Қозғалу түрі бойынша: жаяу, атпен, автокөлікпен;
  2. Қызмет көрсету уақыты бойынша: маусымдық.
  3. Ұйымдастыру формасы: топтық.

 

Қашықтығы: 40 километр, ұзақтығы: 2 күн.

Соқпақтың (маршруттың) қызмет  ету мерзімі: маусым-қыркүйек.

Топтағы адамдардың  максималды саны: топта 20 адамнан артық емес шектеу психожайлылық шегімен байланысты және түр алаңшарларының  сыйымдылығы.

Негізгі географиялық мекендердің атауы: Ирек (Аустриялық жол): ұлттық  паркің ҚӨП - Солдлатқұлаған көру  алаңы- Бұрқат асуы –(Жоғарғы  қыстаудағы) ұлттық  парктің  қонақ үйі- Шағандаба  көлі-Кенсу мекені.

 

Топтың  маршрут бастамасына  келуі. Келушілерді ұлттық  парктің ҚӨП (қадағалап өткізу пункті) тіркеу. Топ  тіркеуден кейін Ирек (Аустрия жолы) таулы жолымен ұлттық  парк  қызметкерлері жасаған  бақылау алаңшасына қарай қозғалады. Бұл  жерде  ұлттық  паркке  келушілер  аялдап, Бұқтырма  өзенінің тамаша  фотосуреттерін  жасай алады.  Топ әрі  қараймаршруттың  ең  биік  нүктесі (2141 м.т.д) Бұрқат асуына  қарай  қозғалады. Бұл  жерден  ашық  ауа-райында  Алтайдың  екі басты патшайымы-Мұзтау  тауы  көрінеді. Бұрқат  асуынан  кейін  топ Қарақаба жазығына  түседі де,  ұлттық  парктің  қонақтарына  арналған  үйіне (топ алты адамнан  артық емес) немесе  палатка лагеріне орналасады.         

 

Топ  Қарақаба өзенінің атырабымен  Кеңсу теліміне  қарай қозғалады. Телімге  баратын  жолда  туристер  кішкентай  тау  көліне  шығады,  бұл  жерде  балық  аулауды  қалайтындар  хариус  балығын ұстауға  сәттілігін  сынай алады.  Маршрут  бойында  Қызыл  кітапқа енгізілген (қызыл  тамыр) сирек  кездесетін  емдік  шөптер  кездеседі. Маршрутта  марал, елік, аю, сияқты  фауна  өкілдерін кездестіруге  болады. Тауларда  суыр колониялары  мекендейді. Кеңсу телімінде келушілер  түскі асқа ағынды  Қарақаба  өзенінің  бойында  тоқтайды. Бұл  жерде  тау  өзенінің мекендеуші хариус балығын ұстап,  тұмса   табиғатты  тамашалауға  болады. Түстен кейін топ өзен өткеліне  қарай  қозғалады, сонан  кейін Шағандаба шағын тау көліне қарай жолын  жалғастырады. Топ  дайындалған палаткалық  лагеріне тоқтайды.

 

Кешкі ас.Түнеу.