AA+
AA+

Маршруттың бөлінуі:

 

мақсаты бойынша: туристік-экскурсиялық;

 

орын ауыстыру түрі бойынша: аралас;

 

уақыты: маусымдық;

 

ұйымдастыру түрі бойынша: топталған, жекеленген

 

Негізгі географиялық атаулардың түрлері:  Өрел ауылы –  Бухтырма өзені – Жамбыл  ауылы– «Эль - Тур - Восток» пантамен  емдеу  орталығы – Берел қорғандары – Өрел ауылы.

 

Қашықтығы : 8 км.

 

Ұзақтығы: Жаяу 2 сағат. Автокөлікте 20 мин. Атпен 1 сағат.

 

Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : шілде айының  басынан  басап-қыркүйек айының  аяғына дейін.

 

Экскурсия Өрел ауылынан басталады. Мұнда теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктегі Бұқтырма өзені аңғарында б.э.д  IV ғасырдағы сақ патшасы  жерленген қорған табылған. Әшекей бұйымдар, сурет салынған ағаш тақтайшалар, киіздер, 3 ат әбзелдерімен, патшаның жерленген бөлмесі көп мөлшердегі әр түрлі заттарымен  табылған. Көптеген заттар қорғанның мәңгі тоңда орналасуынан жақсы сақталған. Ғалымдар көшпенділердің мәдениеті, тарихы мен кәсібімен жақсы таныса алатын баға жетпес ақпаратқа ие болды.