AA+
AA+

16.11.2018 жылы Аршаты ауылында  «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің қызметкерлері мен жұмысшылары арасында бильярд ойынынан жарыс өткізілді.

Жарысқа 3 ойыншыдан құралған  6 команда қатысты.  Тартысты ойын нәтижесінде 1-орынды Орталық кеңсе, 2-орынды Өрел филиалы, 3-орынды Ақсу филиалы алса 4-орынды Шыңғыстай филиалы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Бильярд ойынында ерекше ойынымен көзге түскен ойыншылар: инженер-механик Р.Ақанұлы, Аршаты орманшылығының инспекторы А.Құсманов, Шыңғыстай орманшлығының инспекторы Ф.Кайрбаев, Усть-Язова оманшылығының инспекторы В.Сидоров.

Осы ойынның ұйымдастырылуына үлес қосқан үшін «Аршаты орта мектебі» КММ директоры Жайнарбек Шаймарданұлына және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Бильярд ойыны бүгінде әлемдік деңгейде беделді спорт қатарынан табылуда. Бильярд ойнап денені де, ойды да шынықтыруға болады.