Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

18 қыркүйекте Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері "Birge-Taza Qazaqstan" экологиялық акциясын қолдады, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағын орындауға бағытталған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Р. Склярдың тапсырмасына сәйкес,  2021 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде «World Clean up day 2021»/ «Birge-taza Qazaqstan»  Дүниежүзілік акциясын өткізуді жариялаған.

18 қыркүйекте Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері осы акцияға ат салысты, сондай-ақ іс-шараға Катонқарағай ауылының ауыл әкімдігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Акция аясында жергілікті тұрғындардың, ұлттық паркке келушілердің жиі баратын демалыс орындары қоқыстан тазартылды.

Шамамен 100 кг. қоқыс жиналды. Көбінесе шыны және пластикалық бөтелкелер болды.

 Достар, біз барлығымыз Шығыс Қазақстанның табиғатына тамсана қараймыз, өйткені ол көздің жауын алатындай таңғажайып көркем, әсіресе Катонқарағай ұлттық паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағының табиғаты, біз барлықтарыңызды осы табиғатты аялап, әсем табиғатта дем алғанда қоқысты жинап, біздің болашақ ұрпағымыз үшін сақтауға шақырамыз!