Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі (ҒЭМжА) ҚР АШМ-нің 13.03.2012 жылғы № 25-02-01/94 Бұйрығымен бекітілген Табиғатты қорғау ұйымдарында ғылыми қызметтер мен ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру ережелері, бөлім ережесі және 7.06.2006 ж. ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңы негізінде жұмыс атқарады. Ғылыми зерттеулер 10.11.2015 ж. №470-2415-2414-2266/04-3 ҚР Білім және ғылым Министрлігімен келісілген және Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің 10.12.2015 ж. №315 бұйрығымен бекітілген бұйрыққа сәйкес жүргізіледі. Ғылыми жұмыстар бағдарламасы ПТЖ сәйкес , жүргізілген зерттеулер бойынша жыл сайынғы есептері жасалып, ғылыми бөлімнің қорларында сақталады және қаралуға жылық есеппен қоса ұсынылады. Ғылыми зерттеулердің бағдарламасы ҒТК отырыстарында қаралады.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қоры:

- энтомологиялық коллекциялармен, саны – 3600 экземпляр;

- сүтқоректілердің бас сүйегі – 20 дана;

- гербарий қоры 1800 артық беттермен, 1000 жуық түр;

- минералогиялық коллекциялармен, саны – 15 экземпляр, топырақтық – 5 түр, орман түзу жыныстары – 6 түр;

- спиртті препараттармен (өрмекшітәріздес, шаянды шыбындар, екіқанаттылар);

- Катонқарағай МҰТП табиғи-қорықтық қорлар объектілері бар 8000 цифрлы фотографиялар, фотоальбомдармен (фотоматериалдар ғылыми қызметкерлермен үнемі толықтырылып отырылады);

- ғылыми кітапхана 1089 кітаппен (алфавитті католог және берілген кітаптарды тіркеу журналы) көрсетілген. «Катонқарағай МҰТП» РММ әкімшілігімен бүгінгі таңда:

- «Нижегородский государственный университет им. Н.И. Лобачевского» жоғары білімді Федеральді мемлекеттік автономды білім беру мекемесімен ғылым және іскерлік ынтымақтастық жөнінде келісімшарт;

- «Қазгидромет» ШҚО филиалымен келісімшарт жасалған.

- ҒТК, семинарларға, кеңестерге және қатысу т.б.:

- Бөлім қызметкерлері келесі іс-шараларға қатысты:

- "Экологиялық білім жүйесіндегі аймақтық компонент" Жаратылыстану-ғылыми конференциясы (Өскемен қ., 30 қаңтар 2016 жыл).

- ШҚО ЕҚТА Қоғамдық кеңесінің отырысы (Өскемен қ, 6 сәуір 2016).

5 ғылыми мақал жарық көрді: Березовиков Н.Н. Габдуллина А.У. Гнездование сапсана Falco peregrinus в Катон-Карагайском национальном парке в 2017 году // Русский орнитологический журнал. 2018. Экспресс-выпуск 15 75. С. 1013-1024.

• Березовиков Н.Н. Габдуллина А.У. Находка гнезда обыкновенного осоеда в Бухтарминской долине на Южном Алтае // Русский орнитологический журнал. 2018. Экспресс-выпуск 15 72. С. 911-915.

• Аманбаева Г.М. К вопросу ведения мониторинга энтомофауны площадей пройденных пожаром на территории Катон-Карагайского национального парка (Юго-Западный Алтай, Восточный Казахстан) // Ломоносовские чтения на Алтае: фундаментальные проблемы науки и образования. Барнаул. С. 1334-1336.

• Габдуллина А.У. , Березовиков Н.Н. Зимовка вяхиря Columba palumbus в Бухтарминской долине на Южном Алтае // Русский орнитологический журнал. 2018. Экспресс-выпуск 1591. С. 1592-1595.

• Березовиков Н.Н., Габдуллина А.У. Повторная зимовка чирка-свистунка Anas crecca в Катон-Карагайском национальном парке // Русский орнитологический журнал. 2018.

Экспресс-выпуск С. 1464-1465.

Рахман қайнарындағы өртенген ағаштардың зиянкестері. Орындаушы к.ғ.қ. Аманбаева Г.М.

Катонқарағай МҰТП аумағындағы сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және ғаламдық деңгейде жойылу қауіпі бар құстардың түрлерін зерттеу. Орындаушы бөлім

бастығы Ғабдуллина А. У.